21.02.2023

Холдингтің Басқарма төрағасы «ҚазАгроҚаржы» АҚ-да болды

Холдингтің Басқарма төрағасы «ҚазАгроҚаржы» АҚ-да болды

20 ақпанда «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев «ҚазАгроҚаржы» АҚ орталық кеңсесінде болып қайтты. Кездесу «ҚазАгроҚаржы» АҚ Басқарма төрағасы Айдар Прашев пен «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасы Алмат Әшірбековтың қатысуымен өтті.

Холдинг басшысы ақпараттық технологияларды дамыту департаментінің жұмысымен танысып, клиенттермен жұмысты жеңілдету үшін цифрлық шешімдерді енгізу бойынша өз ұсынымдарын берді.

«Соңғы уақытта экономикада агроөнеркәсіптік кешеннің цифрлық технологияларды қолдануы қажеттілігі артып келеді. Осының арқасында саланың өсуіне қарқынды серпін алуға болады. Өтінімдерді беруге және қадағалауға арналған мобильді қосымша жұмыс процестерін айтарлықтай жеделдетеді», - деп атап өтті Қанат Шарлапаев.

Кездесу барысында ҚазАгроҚаржы басшылығы 2022 жылғы есепті деректерді ұсынды, сондай-ақ ағымдағы жылға арналған жоспарларымен бөлісті. Қоғам басшысы компанияның лизинг бағдарламаларын жетілдіре отырып, шағын және ірі бизнеске қалай белсенді көмектесетінін айтты. 2022 жылы ҚазАгроҚаржы арқасында лизинг бағдарламалары бойынша 6 806 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды, бұл ел бойынша жалпы санның 39%-ын құрайды.

«Жоғары кәсібиліктің, ауқымды филиалдық желінің арқасында 2022 жылдың нәтижелері бойынша АӨК лизингі нарығындағы ҚазАгроҚаржы үлесі 80%-ды құрады. Біз қолданыстағы бағдарламаларды цифрландыру және жеңілдету үшін тұрақты жұмыс істеудеміз. Бұл жолдағы алғашқы қадамдардың бірі - www.kaf.kz сайтында онлайн лизингке өтініш беру мүмкіндігі», - деп түсіндірді Айдар Прашев.

Анықтама үшін: «ҚазАгроҚаржы» АҚ 1999 жылдан бастап сапалы және бәсекеге қабілетті лизингтік қызметтер көрсету арқылы Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін техникалық жарақтандыруға жәрдемдеседі. Бұдан басқа, «ҚазАгроҚаржы» АҚ Орнықты даму саясаты шеңберінде ESG идеяларын енгізуде және атқарылған жұмыстар атап өтілді. 17 ақпанда «ҚазАгроҚаржы» АҚ жылдық есебі «Қаржы секторындағы 2021 жылғы Үздік жылдық есеп» және «2021 жылғы Жылдық есептің Үздік дизайны» екі номинациясында бірден жеңіске жетті. 


photo_2023-02-20_22-09-42 (2).jpg

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар