25.02.2025
- Холдинг туралы
Кеңес ал!
24 ақпанда «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-да Холдингтің Басқарушы директоры Нияз Көшкімбаев пен Моңғолия делегациясы арасында кездесу өтті. Бұл кездесу Қазақстанның тұрғын үй қаржыландыру, активтерді басқару және халықты қолжетімді баспанамен қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру тәжірибесін талқылауға арналды.
Моңғолия делегациясының құрамында Моңғолия Премьер-Министрінің Бас кеңесшісі, делегация басшысы Дагдандорж Амгаланбаатар, сондай-ақ Моңғолияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Доржийн Баярхуу болды. Сонымен қатар, кездесуге Моңғолияның тұрғын үй саясатына, цифрландыруға және халықты әлеуметтік қорғауға жауапты министрліктер мен агенттіктердің басшылары қатысты.
Тараптар Қазақстанның тұрғын үй қаржыландыру саласындағы негізгі тәжірибелік аспектілерін, соның ішінде:
Кездесу барысында тараптар Моңғолияның Жаңа Қалпына Келтіру Саясатының Жеделдету Бағдарламасы (New Recovery Policy Accelerator, NRPA) аясындағы ынтымақтастық мүмкіндіктеріне ерекше назар аударды. Бұл бағдарлама тұрғын үй жағдайын жақсартуға, инфрақұрылымды дамытуға, жасыл экономиканы қолдауға және мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға бағытталған.
«Біз моңғол әріптестерімізбен тұрғын үй қаржыландыру және инфрақұрылымдық даму саласындағы тәжірибемізбен бөлісуге қуаныштымыз. Қазақстан қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруда үлкен тәжірибе жинақтады, және біз Моңғолиямен ынтымақтастық бұл салада жаңа бірлескен жобалар мен инвестициялар үшін үлкен мүмкіндіктер ашатынына сенімдіміз», – деп атап өтті Нияз Көшкімбаев.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар тұрғын үй саясаты саласындағы тәжірибе алмасуды және ынтымақтастықты, оның ішінде бірлескен жобалар мен бағдарламалар арқылы одан әрі нығайтуға ниетті екендіктерін білдірді.