11.09.2023

ForteBank KazakhExport-тың сауданы қаржыландыру бағдарламасына қосылды

ForteBank KazakhExport-тың сауданы қаржыландыру бағдарламасына қосылды

«KazakhExport» ұлттық экспорттық сақтандыру компаниясы мен ForteBank өңдеу өнеркәсібінің қазақстандық экспорттаушыларына қолдау көрсетуге, халықаралық сауданы дамытуға, қазақстандық өнімге сұранысты ынталандыруға және өткізу нарықтарын ұлғайтуға бағытталған стратегиялық келісімдерге қол қойды.

Атап айтқанда, компаниялар Аккредитивтерді сақтандыру туралы бас келісімді және Экспорттық сауданы қаржыландыру бойынша шартты банктік салымдар туралы келісімді жасасты, оларға сәйкес қазақстандық өнімді импорттаушыларға және отандық экспорттаушыларға қазақстандық өндірістің экспортын ынталандыру үшін Fortebank арқылы аккредитивтер және сауданы қаржыландыру бойынша KazakhExport-тан қолдау көрсетілетін болады.

«Қол қойылған келісімдер қазақстандық экспорттаушыларға өздеріне қосымша тәуекелдерді қабылдамай, өз сатылымдарын ұлғайтуға мүмкіндік береді. Осы құралдың арқасында олардың шетелдік сатып алушыларының қазақстандық өнімді тиімді шарттармен қарызға алу мүмкіндігі бар, бұл ретте экспорттаушылардың өздері өз шоттарында тауарлар үшін төлемді жөнелтілгеннен кейін бірден көреді. ForteBank халықаралық факторинг, қарыздарды сақтандыру, валюталық мәмілелерді сақтандыру, банктік кепілдіктерді сақтандыру сияқты басқа да бағдарламаларымызға қатыса отырып, біздің институтпен қарым - қатынасты дамытуды жалғастырады деп үміттенеміз», - деді KazakhExport Басқарма төрағасының орынбасары Қуаныш Мұқажанов.

Өз кезегінде, ForteBank Басқарушы директоры Әлия Есжан атап өтті: «ForteBank пен KazakhExport ынтымақтастығы клиенттерімізге экспортқа бағдарланған отандық өндірісті, сондай-ақ жалпы бизнесті дамытуда қосымша мүмкіндіктер ашады. Клиенттерімізді банкіміздің және ұлттық экспорттық сақтандыру компаниясының құралдарын белсенді пайдалануға шақырамыз».

KazakhExport-тың «Экспорттық сауданы қаржыландыру» және «Аккредитивтерді сақтандыру» сияқты қолдау көрсету құралдары шетелдік сатып алушыларға тиімді шарттармен сауда қаржыландыруын ұсыну арқылы олардың тарапынан қазақстандық өнімге сұранысты ынталандыру үшін енгізілді. Қаржыландыру төлем шарттары бойынша есеп айырысудың аккредитивтік нысанын қолдана отырып, Қазақстанның екінші деңгейдегі банктері арқылы жанама түрде ұсынылады.

Сонымен қатар, Қазақстанның жоғары технологиялық тауарлары мен қызметтерін сатып алу шеңберінде сауданы қаржыландырудың неғұрлым ұзақ мерзімдері үшін шетелдік әріптестерге сыйақыны субсидиялау бағдарламасы көзделген. Бұл бағдарлама Қазақстанның өңдеу және өнеркәсіп саласын дамытуды ынталандыруға, сондай-ақ өткізу нарығын дамытуға ықпал етуге мүмкіндік береді. Басқа сөзбен айтқанда, Қазақстандағы өндіруші қазақстандық қаржы институттарының шетелдік сатып алушыларды төмен пайызбен қаржыландыруы арқылы тауарды немесе қызметті өткізу мүмкіндігі үшін KazakhExport-қа жүгіне алады.

Қазақстандық банктер үшін осы Қаржыландыру бағдарламасы (сақтандыру өтемімен және KazakhExport қаражаты есебінен) Эмитент-банктердің міндеттемелерін орындамау тәуекелдерінің 100%-на дейін сақтандыру, өнім желісі мен клиенттік базаны кеңейту мүмкіндігін ашады.

Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылдан бастап KazakhExport 870 млрд теңгеден астам сомаға 200-ден астам экспорттаушыға қолдау көрсетті. Қолдау көрсетілген кәсіпорындар экономиканың тамақ және химия өнеркәсібі, машина жасау, агроөнеркәсіптік кешен, металлургия және басқа да маңызды салаларында жұмыс істейді. Экспорттық бағыттар тізімінде Өзбекстан, Ресей, Ауғанстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Қытай, Түрікменстан, Әзірбайжан, Литва, Украина, Беларусь, Италия және Түркия және көптеген басқа елдер бар.

 

Forte активтерінің көлемі бойынша Қазақстанның ірі банктерінің бірі болып табылады және еліміздің барлық өңірлерінде кең филиалдық желіге ие.

Анықтама:

«KazakhExport» ЭСК» АҚ - «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-тың еншілес компаниясы. Компанияның негізгі міндеті – отандық шикізаттық емес экспорттаушыларына түрлі қаржы құралдары арқылы қолдау көрсету.

Бағдарлама туралы толығырақ мына сілтеме арқылы білуге болады: https://kazakhexport.kz/ru/page/eksportnoe-torgovoe-finansirovanie


Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар