Кеңес ал!

03.06.2025

FOC 2025: «Бәйтерек» майлы дақылдарды өңдеушілерге көрсетілетін қолдауды күшейтуде

FOC 2025: «Бәйтерек» майлы дақылдарды өңдеушілерге көрсетілетін қолдауды күшейтуде

3 маусым күні Алматы қаласында майлы өнімдер саласына арналған төртінші халықаралық «FOC 2025: Fats and Oils Conference» конференциясы өтті. Іс-шарада «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Жандос Шайхы құттықтау сөз сөйлеп, саланың стратегиялық маңызын атап өтіп, Холдингтің еншілес ұйымдары арқылы отандық өндірушілерге көрсетілетін қолдау құралдарын таныстырды.

Жандос Шайхы Қазақстанның майлы өнімдері әлемдік нарықта өзіндік орнын қалыптастырып, өндіріс пен экспорт көлемін айтарлықтай арттырғанын атап өтті. Оның айтуынша, Холдинг шикізаттық емес экспортты дамытуға бағытталған жаңа бағдарламаны іске қосып отыр. Бағдарлама аясында сауда қаржыландыруы, айналым капиталын несиелеу және экспорттық операцияларды сақтандыру сияқты құралдар ұсынылады.

«Холдингтің және оның еншілес ұйымдарының басты мақсаты — отандық кәсіпорындарға кешенді қаржылық қолдау көрсетіп, олардың экспорттық әлеуетін арттыру. Бұл қазақстандық өнім өндірушілердің жаңа деңгейге шығуына, жеткізу географиясын кеңейтуге және еліміздің сыртқы нарықтағы позициясын нығайтуға мүмкіндік береді», — деп атап өтті Жандос Шайхы.

Айта кетейік, аталған бағдарламаны жүзеге асыру шеңберінде 21 мамырда Қазақстанның Даму банкі, Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі және еліміздің ірі май өңдеу кәсіпорындары — «Altyn Shyghys» ЖШС мен «Qazaq-Astyq Group» ЖШС арасында үшжақты келісімдерге қол қойылды. Жалпы сомасы 23 млрд теңгеге дейінгі қаржыландыру қарастырылып отыр. Бұл қаражат отандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен шикізат сатып алуға және оны терең өңдеп, дайын өнім ретінде экспорттауға жұмсалмақ.

Сондай-ақ, Холдинг Басқармасы төрағасының орынбасары күнбағыс егіс алқаптарын 3 млн гектарға дейін ұлғайтудың маңыздылығын атап өтті. Бұл өңдеу қуаттарының жүктемесін едәуір арттырып, ішкі нарықты тазартылған маймен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Конференцияға Қазақстан, АҚШ, Қытай, Еуропа, Орталық Азия және Таяу Шығыс елдерінен 180-нен астам қатысушы келді. Іс-шара барысында саланы дамыту перспективалары, логистиканы жақсарту, ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыру және инвестиция тарту мәселелері талқыланды.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар