10.10.2024
- Холдинг туралы
2019 жылғы 2 мамырда Fitch Ratings халықаралық рейтинг агенттігі «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ шетелдік және ұлттық валютадағы ұзақ мерзімді рейтингті «BBB» деңгейінде, Ұлттық ұзақ мерзімді «ААА(kaz)» деңгейінде және шетел валютасындағы қысқа мерзімді «F2» деңгейінде растады. Ұзақ мерзімді рейтингтер бойынша болжам «Тұрақты» болып табылады.
Fitch сондай-ақ «Бәйтерек» холдингінің «BBB»/«AAA(kaz)» деңгейіндегі басымдылыққа ие қамтамасыз етілмеген ішкі борышының рейтингін растады.
Мемлекетпен байланысты компаниялардың рейтингілеу әдістемесіне сәйкес Fitch Бәйтерек Қазақстанмен («ВВВ»/«тұрақты» болжам) күшті байланысы бар деп қарастырады және мемлекеттің компанияға қолдау көрсету ықтималдығын жоғары деп бағалайды.
- Байланыс дәрежесін және мемлекеттің қолдау көрсетуі үшін ынталандыруларды негізге ала отырып, Агенттік «жоғарыдан – төмен» тәсілін қолданады, бұл холдингтің дербес несие қабілеттілігіне қарамастан, Бәйтерек рейтингтерінің Тәуелсіз рейтингтермен бір деңгейде екенін көрсетеді, - делінген рейтингтік агенттіктің хабарламасында.
Анықтама:
«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 мамырдағы Жарлығына сәйкес құрылды. Корпоративтік басқарудың озық стандарттарына сәйкес келетін және Қазақстан экономикасын әртараптандыру, инновацияларды қолдау, экспортты дамыту, еңбек өнімділігін ұлғайту жолымен орнықты дамыту жөніндегі міндеттерді іске асыруды қамтамасыз ететін ҚР Үкіметінің негізгі институты. Холдингке: «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «Қазақстандық Ипотекалық Компания» ИҰ» АҚ, «KazakhExport» ЭСК» АҚ, «Даму» КДҚ» АҚ, «Qazaq Ventures» АҚ, «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ, «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ, «Бәйтерек девелопмент» АҚ, «Kazakhstan Project Preparation Fund» ЖШС кіреді.
Fitch Ratings агенттігі Standard & Poor's және Moody's-пен қатар халықаралық рейтинг агенттіктерінің «үлкен үштігіне» кіреді. Оның басты міндеті – әлемдік несиелік нарықтарға тәуелсіз және болашаққа бағдарланған несиелік қабілеттілікті бағалау, талдамалық зерттеулер мен деректерді ұсыну болып табылады.