02.03.2022

Fitch Ratings ҚДБ рейтингін тұрақты болжаммен «BBB» деңгейінде растады

Fitch Ratings ҚДБ рейтингін тұрақты болжаммен «BBB» деңгейінде растады

Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-ның («Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ еншілес құрылымы) ұзақ мерзімді рейтингін «BBB» деңгейінде растады, болжам «тұрақты».

Агенттік ҚДБ-ның ұзақ мерзімді IFRS and GSR рейтингтері Қазақстанның тәуелсіз IDR рейтингісіне (BBB/Тұрақты) теңестірілгенін атап өтті. Агенттік сарапшыларының есептеуінше, мемлекеттік қолдаудың жоғары ықтималдығы ҚДБ-ның ұлттық экономиканың шикізаттық емес секторларын дамытуға жәрдемдесу мен оның мұнай-газ саласына тәуелділігін төмендетуге бағыт алған саясаттағы Қазақстандағы жетекші даму институты ретіндегі маңызды рөлін көрсетеді. Сарапшылар ҚДБ рөлі ерекше құқықтық мәртебемен нығайтылатынын атап өтті, себебі қаржы институты Қазақстанның Даму Банкінің бас компаниясы «Бәйтерек» холдингі арқылы мемлекетпен тікелей реттеледі.

Сондай-ақ, агенттіктің мәліметінше, шетелдік банктердің ұзақ мерзімді екі жақты кредиттері мен халықаралық капитал нарығында шығарылған еурооблигациялар 2021 жылдың 3-тоқсанының соңында қаржыландырудың 55%-ын құрады. Мемлекеттің қатысуымен қарыз алу 43%-ды құрады. Банк қазақстандық экономиканың түрлі салаларында қаржыландырудың үлкен көлемін қолдау үшін қорландырудың жақсы негізі қажет екендігін атап өтті және Қазақстанның Даму Банкі қорландыру құрылымындағы мемлекеттік қаражаттың үлесін белсенді түрде төмендете отырып, баламалы көздерден инвестицияларды ішкі ғана емес, сонымен қатар сыртқы капитал нарықтарынан да табысты тартуды жалғастыруда. Бүгінгі таңда ҚДБ - теңгедегі еурооблигациялармен төрт рет сәтті шыққан жалғыз қазақстандық эмитент. 2021 жылы Банк тартқан қорландыру көлемі 413 млрд теңгені құрады, оның 97,6% - нарықтық қаражат, ал 2,4% - мемлекеттік қаражат.

- Қазіргі уақыттағы ірі халықаралық рейтингтік агенттіктің Даму Банкінің жоғары рейтингін растауы Банктің сенімді эмитент және тәжірибелі әріптес болып табылатынын дәлелдейді. Банк өзінің қаржылық орнықтылығын әрдайым нығайта және клиенттерімізге ұсынылатын қызметтердің сапасын жақсарта отырып, ашықтық пен транспаренттілікке бет бұруды жалғастыруда, - деп Қазақстанның Даму Банкінің Басқарма төрағасы Руслан Искаков атап өтті.

Толығырақ www.fitchratings.com/research/banks/fitch-affirms-development-bank-of-kazakhstan-outlook-stable-01-03-2022

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар