19.12.2024
- Холдинг туралы
Бүгін «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев жұмыс сапарымен Алматы қаласына барды.
Оңтүстік астанаға сапары барысында Қ. Шарлапаев Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевпен кездесті, оның барысында мегаполисті дамыту перспективалары мен кәсіпкерлерді қолдау, қалалық қауіпсіздік деңгейін арттыру, қаланың тұрғын үй қорын жаңарту, тұрғын үй жағдайын жақсарту жөніндегі ұсыныстар талқыланды. Қанат Шарлапаев Алматыны дамытатын осы және басқа да бастамаларды іске асыру бойынша Холдинг пен әкімдік арасындағы арнайы жол картасын әзірлеуді ұсынды.
Кездесуге Холдингтің Басқарма төрағасының орынбасары Әділ Мұхамеджанов, Холдингтің Басқарушы директоры Арман Шамшин, Холдингтің еншілес ұйымдарының басшылары – «ҚДБ» АҚ Руслан Ысқақов, «ҚТК» АҚ Рустам Исаев, «Даму» КДҚ» АҚ Гаухар Бөрібаева, «Отбасы банк» АҚ Ләззат Ибрагимова және «ӨДҚ» АҚ Нұрлан Байбазаров («ҚДБ» АҚ құрылымына кіреді) қатысты.
Сонымен қатар, Холдинг басшысы Hyundai Trans Kazakhstan зауытына барды. Hyundai жеңіл автомобильдерін шығаратын отандық зауыт Қазақстанның Даму Банкінің кредит желісі мен Өнеркәсіпті дамыту қоры ұсынған қаржы лизингі арқасында іске қосылды. Кәсіпорын Оңтүстік Кореяда шығарылған жаңа жабдықтармен жарақталған, оның ішінде дәнекерлеу, сырлау, құрастыру, пластикалық бөлшектерді бояу цехтары мен компоненттер қоймасы бар. Кәсіпорында Hyundai Motor Company инженерлерінің бақылауымен машина жасайтын тәжірибелі мамандар Hyundai жоғары сапа стандарттарын қамтамасыз етеді.
- Зауыт базасында автокомпоненттер өндірісін дамыту жоспарланып отыр. Бұл еліміздегі өндірісті ұлғайтуға, 100-ге жуық жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді және Алматының экспорттық әлеуетінің өсуіне ықпал етеді, - деп атап өтті Қанат Шарлапаев.
Қанат Шарлапаевтың Алматыға сапары «Бәйтерек» холдингі қолдау көрсеткен инвестициялық жобаларды аралай отырып, Қазақстанның өңірлеріне бару аясындағы жоспарланған жұмыс кездесулерінің бірі болып табылады. Мәселен, сәуір айында Холдинг басшысы Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекпен бірге Саран қаласындағы индустриялық аймақта болды.