19.12.2024
- Холдинг туралы
«Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы – «KazakhExport» ЭСК» АҚ ҚР Сыртқы істер министрлігімен және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды, сонымен бірге, экспорт саласындағы бірлескен әрекет ету жоспарын бекітті.
Іс-шара дипломаттық корпус және халықаралық бизнес-қауымдастықтар өкілдеріне арналған «Қазақстанның экспорттық әлеуеті» тақырыбындағы брифинг шеңберінде өтті. Брифингте ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов, ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаев, «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов және «KazakhExport» ЭСК» АҚ Басқарма Төрағасы Руслан Ысқақов сөз сөйледі.
Алғысөзінде ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов меморандумға қол қоюдың маңыздылығын атап өтті.
– Бүгін біз экспортты ілгерілетудегі күшімізді біріктіру үшін «Атамекен» ҰКП және «KazakhExport» компаниясымен келісім жасастық. Меморандум бірлескен әрекет ету жоспарына енгізілген мәселелердің кең ауқымын қамтиды. Әлемдік тәжірибеге сәйкес, инвестицияларды және экспортты ілгерілету мақсаттары өзара байланысты. Инвестициялық жобаларды дайындау кезінде инвесторлар өндіруге жоспарланатын өнімді өткізуді мүмкіндіктерін мұқият есептейді. Сондықтан экспорттық әлеует елдің инвестициялық климатының маңызды көрсеткіші болып табылады, - деп түсіндірді сыртқы саяси ведомствоның басшысы Қайрат Әбдірахманов.
Өз сөзінде «KazakhExport» ЭСК» АҚ Басқарма Төрағасы Руслан Ысқақов жұмыстың нақты нәтижелері, атап өткенде, қол қойылған экспорттық келісім-шарттар, даму стратегиялары, қаржы құралдарының мүмкіндіктері, ұйымдастырылған сауда миссиялары, сондай-ақ, отандық компаниялардың халықаралық көрмелерге қатысуы туралы ақпарат берді.
Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы үш жақты меморандум және Бірлескен іс-шаралар жоспары қазақстандық тауарлар, жұмыстар және қызметтер экспортын жақын және алыс шетел елдерінде ілгерілету сұрақтары бойынша өзара әрекеттесуді, келісушілікті және әрекеттерді үйлестіруді күшейтуді қамтиды. Қол жеткізілген уағдаластықтар ақпарат алмасу, нарықтарды талдау, нақты серіктестермен экспортты дамыту бойынша жұмыс, үздік халықаралық тәжірибені зерттеу, халықаралық іс-шараларға қатысу салаларындағы кооперация бойынша тәжірибелік шараларға айналды.