19.12.2024
- Холдинг туралы
Нұр-Сұлтан қаласындағы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аумағында көппәтерлі тұрғын үй кешенінде тұрғын үй сату 2019 жылдың 15 маусымында сағат 15.00-де басталады, деп хабарлады «Бәйтерек девелопмент» АҚ («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы).
Бұған дейін бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеушілердің кінәсінен туындаған техникалық ақаулар салдарынан 2019 жылғы 30 наурыздан бастап «ЭКСПО-2017» аумағында жылжымайтын мүлік сатып алуға өтінімдер қабылдауды уақытша тоқтата тұру туралы хабарланған болатын. Қазіргі уақытта «Arta software» компаниясы бағдарламада анықталған ақауларды жойды.
Жылжымайтын мүлікті таңдау және брондау онлайн-режимде http://expo.baiterek.gov.kz сайтында жүзеге асырылады. Ыңғайлы болу, уақытты үнемдеу және тұрғын үйді брондау проблемаларын болдырмау мақсатында әлеуетті сатып алушыларға 2019 жылғы 14 маусым 23.00-ге дейін «Digital Baiterek» бірыңғай порталында тіркелу ұсынылады. Жылжымайтын мүлік нысандарын сатып алуға өтінім берудің электрондық жүйесін пайдалану бойынша қадамдық нұсқаулықты мына жерден қараңыз.
Әлеуетті сатып алушылар «ЭКСПО-2017» көрмесінің аумағында өз қаражаты немесе ипотекалық қарыздар тарту есебінен тұрғын үй сатып ала алады. Бұдан басқа, сатып алушыларға тұрғын үй құнының кемінде 20% бастапқы жарнасымен жылдық 3%-бен 12 жыл мерзімге мерзімін ұзарту арқылы пәтерлерді сатып алу механизмі қолжетімді болады. Бөліп төлеу арқылы тек 1 пәтер сатып алуға болады. Бөліп төлеу механизмі көлік орындарын сатып алу үшін қолданылмайды.
Өтініштерді қабылдау Digital Baiterek Бірыңғай порталы арқылы жүзеге асырылады. Жаңа тетікті таңдау үшін сатып алушы «төлеу тәсілі» бағанында «бөліп төлеуді іске асыруды» көрсету және өзінің қаржылық мүмкіндіктеріне сүйене отырып, бастапқы жарнаның мөлшерін дербес белгілеу, сондай-ақ қажет болған жағдайда өтінімде әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің санатын айқындау қажет. Кейіннен сатып алушы «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның электрондық платформасы арқылы төлем қабілеттілігін бағалаудан өтуі керек.
«ЭКСПО-2017» аумағындағы тұрғын үйдің шаршы метрінің құны сатып алудың таңдалған тәсіліне байланысты емес және 399 900 теңгені, көлік орнына – 735 000 теңгені құрайды. Бір бөлмелі пәтерлердің ауданы 39,6 – дан 51 шаршы метрге дейін, екі бөлмелі – 57,1 – ден 80,6 шаршы метрге дейін, үш бөлмелі-81,1-ден 106 шаршы метрге дейін, төрт бөлмелі-105-тен 123,4 шаршы метрге дейін өзгереді.
«Бәйтерек девелопмент» АҚ – «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы – «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жергілікті атқарушы органдардың облигацияларын сатып алу бойынша бірыңғай қаржы операторы. Компания Қазақстан бойынша несиелік және жалға берілетін тұрғын үй құрылысын қаржыландырады.