Кеңес ал!

12.01.2026

ҚДБ ЭКА-ның сақтандыру қорғанысы аясында цифрлық теңгемен алғашқы қарыз берді

ҚДБ ЭКА-ның сақтандыру қорғанысы аясында цифрлық теңгемен алғашқы қарыз берді

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ («Бәйтерек» холдингінің еншілес құрылымы, бұдан әрі – ҚДБ, Банк) «Банк ЦентрКредит» АҚ-ның қолдауымен, Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігінің сақтандыру қорғанысы аясында, ҚР Ұлттық Банкі және «Ұлттық төлем корпорациясы» АҚ-мен бірлесіп цифрлық теңгені пайдалана отырып экспорттық жобаны қаржыландыру бойынша пилоттық жобаны сәтті іске асырды.

Аталған жоба қаржы қаражатының қозғалысын толық қадағалауға және олардың мақсатсыз пайдаланылуын болдырмауға мүмкіндік береді. Мемлекет басшысы өз Жолдауында атап өткендей, цифрлық теңгені дамыту – елімізде жаңа қаржылық экожүйе қалыптастырудың маңызды бағыттарының бірі. Бұл құрал жобаларды қаржыландыруда ашықтықты арттырып, есеп айырысулардың жылдамдығы мен сенімділігін қамтамасыз етуге жол ашады.

Пилоттық режимде ҚДБ цифрлық теңгемен «Qazaq-Astyq Group» ЖШС-ға шикізат сатып алуға арналған экспорт алдындағы қаржыландыру шеңберінде қарыз берді. Компанияның Абай облысында орналасқан май экстракциялау зауыты ҚДБ қолдауымен экспортқа тазартылмаған күнбағыс және рапс майы, күнбағыс пен рапс шроты, сондай-ақ фосфатидті концентраттарды өндіруді жүзеге асырып отыр.

«Qazaq-Astyq Group» ЖШС-ға берілген қарызды сақтандыру ҚДБ мен ЭКА-ның майлы дақылдарды өңдеу саласындағы отандық кәсіпорындарды қолдауға бағытталған бірлескен бастамасы аясында Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі тарапынан қамтамасыз етілді.

Жоба экспорттаушыларды қолдауға арналған қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылды. Қарыздың бір бөлігі цифрлық теңгемен берілді. Қаражат өсімдік майын өндіруге қажетті шикізатты сатып алуға және кейін оны экспорттауға бағытталады.

Сонымен қатар жобада цифрлық теңгені іске асыру үдерісіне «Банк ЦентрКредит» АҚ да қатысуда: қарыз қаражаты ҚДБ-да ашылған қарыз алушының цифрлық шотынан БЦК-дағы цифрлық шотқа аударылып, одан әрі қаражаттың мақсатты пайдаланылуы расталады.

Цифрлық теңгені қарыз беру барысында қолдану есеп айырысулардың жеделдігін және жоғары жылдамдығын қамтамасыз етеді. Оның маңызды артықшылықтарының бірі – маркалау мүмкіндігі, бұл қарыз қаражатының мақсатты пайдаланылуын бақылауды күшейтуге жол ашады, – деді ҚДБ Басқарма төрағасы Марат Елібаев.

ҚДБ аталған пилоттық қаржыландыру нәтижелерін Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру жолындағы маңызды практикалық қадам, сондай-ақ цифрлық қаржылық инфрақұрылымды дамытуға және цифрлық теңгені экспорттық қаржыландыруда әрі Банктің өзге де қызмет бағыттарында кеңінен қолдану мүмкіндіктерін қалыптастыруға негіз ретінде қарастырады.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар