13.09.2018

«Даму» Қоры мен KOSGEB әріптестіктікті дамытады

«Даму» Қоры мен KOSGEB әріптестіктікті дамытады

Анкарада өтіп жатқан Қазақ-Түрік инвестициялық форумы аясында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ («Бәйтерек» Ұлттық Басқарушы холдингінің еншілес компаниясы) Басқарма төрағасы Абай Сарқұлов пен Түріктің «KOSGEB» шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту және қолдау ұйымының президенті Севахир Узкурт екі ел арасындағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдау мен дамыту саласындағы әріптестік туралы Жол картасына қол қойды.

Абай Сарқұловтың айтуынша, бұл Жол картасы Қазақстан мен Түркия кәсіпкерлеріне контрәріптес елдің түрлі мемлекеттік және аймақтық жобаларына қатысуға жағдай жасайды.

Әңгіме түрік кәсіпкерлерін Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік және арнайы экономикалық аймақтарын дамытуға тарту туралы. Мұнымен қатар, жақын арада KOSGEB серіктестермен байланыс орнату және нақты жобаларды талқылау үшін Қазақстанға кәсіпкерлер тобын жіберіп, олардың бар шығынын өз мойнына алуға дайын. Өз кезегінде «Даму» Қоры осы келіссөзге қазақстандық кәсіпкерлердің қатысуын қамтамасыз етеді, – деді ол.

Түрік жағы да экспорт әлеуетіне қолдау көрсетіп, тәжірибе алмасу бойынша әріптестікке бейіл екенін білдірді.

«Даму Қоры мен KOSGEB 2011 жылдан бері әріптес. Бұл Жол картасы екі жақты әріптестіктің жаңа белесі болмақ. Яғни ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерді оқыту бағдарламалары, конференциялар, бизнес-форумдар өткізу арқылы екі елдің сауда-экономикалық қарым-қатынастарының дамуына септігін тигізеді, – деді Севахир Узкурт.

 

Фонд «Даму» и KOSGEB расширяют сотрудничество

 

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар