29.04.2019

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ жаңа басшысы тағайындалды

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ жаңа басшысы тағайындалды

Жалғыз акционер болып табылатын «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның шешімімен ««Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ («Даму» қоры) Басқармасының төрайымы және Директорлар кеңесінің мүшесі болып ағымдағы жылдың 29 сәуірінен бастап Гаухар Асылбекқызы Бөрібаева сайланды.

 

Гаухар Бөрібаева Қазақ мемлекеттік заң университетін (құқықтану), Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін (қаржы), The London College UCK (бизнес менеджмент саласындағы магистр) бітірген.

 

Гаухар Асылбекқызы еңбек қызметін 2003 жылы Оңтүстік Кореяның GreenIntegrated LogisticsCo.LTD көлік компаниясында менеджер болып бастады.

  

Әр жылдары ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» АҚ-да, «Қазақстанның Даму банкі» АҚ-да, «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС-да, «Альянс Банк» АҚ-да, «Ұлттық көліктік логистиканы дамыту орталығы» АҚ-да (қазіргі «ҚТЖ Express» АҚ), «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалында жұмыс істеген.

 

2013 жылғы тамыздан 2017 жылғы наурызға дейін - Қазақстан Республикасы Президенті Істер басқармасының ведомстволық бағынысты ұйымының қаржы-экономикалық мәселелері жөніндегі вице-президенті.

 

2017 жылғы наурыздан 2018 жылғы маусымға дейін «Даму» қоры Әкімшілік департаментінің директоры, Басқарушы директоры қызметтерін атқарды.

 

2018 жылғы маусымнан бастап «Даму» қорының Басқарма төрағасының орынбасары лауазымында болған.

 

«Даму» қорын бұған дейін басқарған Сарқұлов Абай Серікұлы «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқармасының шешімімен «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқармасының төрағасы болып сайланғанын еске саламыз.

 

 

Анықтама үшін:

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 мамырдағы Жарлығына сәйкес құрылды. Корпоративтік басқарудың озық стандарттарына сәйкес келетін және оны әртараптандыру, инновацияларды қолдау, экспортты дамыту, еңбек өнімділігін арттыру арқылы Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы бойынша мақсаттарды қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасы Үкіметінің негізгі институты. Холдинг құрамына «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ, «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «Қазақстандық ипотекалық компания» АҚ, «KazakhExport» ЭСК» АҚ, «Даму» КДҚ» АҚ, «QazTech Ventures» АҚ, «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ, «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ, «Бәйтерек девелопмент» АҚ, «Kazakhstan Project Preparation Fund» ЖШС кіреді.

 

 

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 26 сәуірдегі қаулысымен құрылды. Қордың миссиясы жан-жақты және тиімді қолдау құралдарын енгізу арқылы Қазақстанда микро, шағын және орта кәсіпкерліктің тұрақты дамуында белсенді рөл атқарады. «Даму» қорының филиалдары Қазақстанның барлық өңірлерінде жұмыс істейді, жергілікті кәсіпкерлермен, қоғамдық ұйымдармен және жергілікті атқарушы органдармен жұмыс тәжірибесі мол.

 

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар