Кеңес ал!

02.09.2026

«Бәйтерек» холдингінде Ұлттық диктант өтті

«Бәйтерек» холдингінде Ұлттық диктант өтті

Қазақстан халқының тілдері күні қарсаңында «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» АҚ-да Ұлттық диктант өтті. Іс-шараға Холдинг пен оның еншілес ұйымдарының қызметкерлері қатысты.

Диктант мәтіні көрнекті ағартушы, тілші-ғалым және қазақ жазуын реформалаушы Ахмет Байтұрсынұлына арналды. Қатысушылар мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін тексеруге, өз сауаттылығын бағалауға және жазу дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік алды.

Ұлттық диктантты өткізу мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға, ұлттық бірегейлікті нығайтуға және тіл мәдениетін дамытуға бағытталды. Мұндай бастамалар қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге және оны үйренуге жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға ықпал етеді.

Ұлттық диктант сауаттылықты тексерумен қатар, қазақ тілінің, ғылымының және ұлттық ағарту ісінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан Ахмет Байтұрсынұлының мұрасына тағы бір мәрте назар аударуға мүмкіндік берді.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар