09.09.2021

«Даму» қоры экономиканы цифрландыру саласындағы АӨСШК онлайн-форумын өткізді

«Даму» қоры экономиканы цифрландыру саласындағы АӨСШК онлайн-форумын өткізді

«Бәйтерек» холдингі Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске (АӨСШК) мүше мемлекеттердің экономиканы цифрландыру саласындағы ынтымақтастығының мүмкіндіктеріне арналған халықаралық онлайн-форумға қатысты.

Форумды «Бәйтерек» холдингінің еншілес компаниясы - «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры ұйымдастырды және Қазақстанның АӨСШК-ке төрағалық етуі шеңберінде өтті.

- Цифрландыру өндірісті дамытудың басым бағытына және орнықты дамудың қозғаушы күшіне айналуда. Цифрлық экономиканы барлық секторларда және өндірістің барлық деңгейлерінде дамыту мемлекеттік және жеке секторларда еңбек өнімділігін арттыруды қоса алғанда, айтарлықтай экономикалық пайда алуға мүмкіндік береді, - деп атап өтті форумның ашылуында «Бәйтерек» холдингінің Басқарушы директоры Ұлан Оразтаев.

Осыған байланысты, АӨСШК кеңістігінде экономиканы цифрландыру мәселелерін, осы процестердің шағын және орта кәсіпкерлікті және жалпы экономиканы дамытуға әсерін талқылау, АӨСШК-ге қатысушы елдердің өкілдері арасында ынтымақтастық орнату маңызды екенін атап өтті.

-Бизнес-процестерді цифрландыру және автоматтандыру бойынша жоғары көрсеткіштерге ұмтылу ШОБ үшін мемлекеттік қолдауды барынша қолжетімді, ыңғайлы және жылдам ету қажеттілігімен байланысты. Бұл жұмыстар бірнеше жыл бұрын басталды және пандемия кезінде «Даму» қорына онлайн режимінде хабарласу мүмкіндігі Online.Damu.kz өз платформасы және балама арқылы – egov.kz арқылы құрылды, - деп «Даму» қоры Басқарма төрағасының орынбасары Бақытжан Мақажанов атап өтті.

Айта кетейік, 2021 жылы «Даму» қоры негізгі бизнес-процестерді автоматтандыру деңгейінің 100%-ға жетуін жоспарлап отыр. Өткен жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 94%-ды құрады.

Форумның спикерлері АӨСШК-ге мүше мемлекеттердің ұлттық экономиканы, сауданы, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту саласындағы мемлекеттік органдарының, мекемелері мен ұйымдарының өкілдері және экономикалық процестерді цифрландыру және трансформациялау саласындағы тәуелсіз сарапшылар болды.

Естеріңізге сала кетейік, АӨСШК шақыру 1992 жылғы 5 қазанда БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жария еткен қазақстандық бастама болып табылады.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар