12.06.2025
- Холдинг туралы
Кеңес ал!
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры Ұлттық экономика министрлігі мен «Бәйтерек» холдингінің қолдауымен жеңілдікті несиелендірудің жаңа «Өрлеу» бағдарламасы іске қосылғанын хабарлайды.
Бұл құрал микро, шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталған.
Жеңілдікті кредиттеудің жаңа бағдарламасы бойынша түпкі қарыз алушы үшін сыйақы мөлшерлемесі жылдық 12,6% -дан аспайды. Бағдарлама бойынша жалпы қаражат көлемі 750 млрд теңге болады, оның 300 млрд теңгесін Қор бөледі, ал 450 млрд теңге екінші деңгейлі банктер тарапынан бірлесіп қаржыландыру аясында тартылады.
«Өрлеу» бағдарламасы инвестициялық мақсаттарға жеңілдікті қарыз беруді, айналым қаражатын толықтыруды және 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап берілген қолданыстағы кредиттерді қайта қаржыландыруды көздейді.
Негізгі шарттар:
«Өрлеу» бағдарламасы жеңілдікті кредит беру арқылы кәсіпкерлік қызметті келесі экономиканың басым секторларында:
«Өрлеу» бағдарламасына қатысу үшін кәсіпкерлер тікелей несие берушілерге жүгінуі қажет. Қазіргі кезеңде Freedom Bank, ЦентрКредит Банкі және Halyk bank-пен тиісті келісімдерге қол қойылды.
«Даму» Қоры – 100% акциясы «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ тиесілі ұлттық даму институты.
Баспасөз қызметінің тел.:
+7 (727) 2445566 (ішкі 1048); +77071447520;
e-mail: Dinara.Zharkeyeva@fund.kz.