07.02.2022

«Даму» Қоры арқылы көрсетілетін мемлекеттік қолдау түрлері түгел цифрланды

«Даму» Қоры арқылы көрсетілетін мемлекеттік қолдау түрлері түгел цифрланды

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ («Бәйтерек» холдингінің еншілес компаниясы) арқылы микро, шағын және орта бизнеске көрсетілетін мемлекеттік қолдау түрлері ашық, қолжетімді, ыңғайлы және жылдам. Бүгінгі күні субсидиялауға берілген өтінімдер ішіндегі онлайн түрі 97%-ды, ал кепілдік беру бойынша 98%-ды құрайды.

«Даму» Қоры 2016 жылдан бастап кепілдікке өтінім беруді Egov.кz порталы арқылы қабылдай бастады. Қазір кепілдік пен субсидия алу үшін кәсіпкерлер электрондық үкімет порталымен қатар, қордың online.damu.kz жеке порталын да пайдалана алады. «Даму» Қоры таңдау ұсынады. Яғни кәсіпкер өзі қалаған кез келген порталда тіркеле отырып, ШОБ өкілдеріне арналған қызметтердің барлық түріне қол жеткізе алады.

Статистика кәсіпкерлердің онлайн-сервистерді жиі таңдайтынын көрсетеді. Егер 2019 жылы Қордың ең танымал қолдау құралы – субсидия мен кепілдік алуға деген барлық өтінімдердің шамамен 24,5% пайызы қашықтан берілсе, 2020 жылы бұл цифр 66%-ды, ал 2021 жылы 97,5% пайызды құрады. Осылайша, 2021 жылы екі жүзден астам адам «Даму» Қорының кеңсесіне бармай, үйде отырып-ақ субсидиялау және кепілдік алу үшін өтінім ресімдеді.

Мұндай цифрландыру клиенттер үшін ыңғайлы және барлық процестердің ашық жүруіне кепілдік береді.

Кәсіпкерлер тарапынан ең көп сұраныс түсетін екі мемлекеттік бағдарлама бар. Олар: «Бизнестің жол картасы-2025» және «Қарапайым заттар экономикасы». Осы бағдарламалар бойынша субсидиялау және кепілдік беру шарттарына үш тарап – кәсіпкер, банк және «Даму» Қоры электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қояды. Бұл үшін кеңсеге келудің қажеті жоқ. Осылайша, микро, шағын және орта бизнес өкілдерін әрі-бері шапқылатып, ресурс жұмсатпай, балық қызметтерді қашықтан көрсетуге мүмкіндік туды.

Мұнымен қатар, «Даму» Қорының ішінде өзінің IT-эко жүйесі бар. Ол электрондық құжат айналымын, CRM және BPM жүйелерін қамтиды. Олардың көмегімен online режимде және қағазсыз-ақ алқалы шешімдер қаралып, қабылданады.

- Осының барлығы кәсіпкерлерден түсетін, жыл сайын саны артып келе жатқан өтінімдер тасқынын түгел қамтуға мүмкіндік береді. 2021 жылы жобалар саны 2020 жылмен салыстырғанда 1,74 есе өсіп, 57,7 мыңды құрады, ал несие сомасы 1,34 есе өсіп, барлық бағдарламалар мен құралдар бойынша 2,252 трлн теңгені құрады, - деп атап өтті «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Басқарма төрайымы Гаухар Бурибаева.

Естеріңізге сала кетейік, «Даму» Қорының мақсаты – мемлекет қаражаты мен халықаралық даму институттарынан тартылған қаражат есебінен кәсіпкерлерге барынша ыңғайлы және ашық қаржылай қолдау көрсету. «Даму» Қоры – «Бәйтерек» ҰБХ еншілес компаниясы.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар