19.12.2024
- Холдинг туралы
«Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы Bereke Bank Fitch халықаралық агенттігінің тұрақты болжамды «BB» деңгейіндегі ұзақ мерзімді рейтингіне ие болды.
Бұл банктің жағдайы тұрақты екенін және клиенттер алдындағы қаржылық міндеттемелерін уақытында әрі толық орындай алатынын білдіреді. Банк қаражат салудың қауіпсіздігі тұрғысынан сенімді.
Агенттіктің сарапшылары 2022 жылдың қыркүйегінен бастап Банк акционерінің «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ болуы рейтинг деңгейіне оң әсер еткенін атап өтті.
- Әлемдегі ең ірі рейтинг агенттіктерінің бірінен халықаралық «ВВ» кредит рейтингін алу банктің кредиттік қабілеттілігіне, оның салымшылары мен басқа кредиторлар үшін сенімділігіне берілген жоғары баға болып табылады. Біз бұл бағаға ризамыз, осылайша «Бәйтерек» холдингінің банкті сатып алуы туралы шешімнің дұрыстығына тағы бір мәрте көзіміз жетті. Банктің жоғары рейтингі оның кез келген сын-қатерлерді еңсере алатынын және клиенттер алдындағы өз міндеттемелерін толық орындай алатынын көрсетеді, - деп атап өтті «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев.
Айта кетейік, Холдинг банкті сатып алған сәттен, яғни 2022 жылдың қыркүйегінен бастап банк өз позицияларын қалпына келтіре бастады. Осы уақыт ішінде заңды тұлғалардың қаражаты 200 млрд. теңгеге (4 есе), ал жеке клиенттердікі 100 млрд. теңгеге (70%) өсті. Капиталдың жеткіліктілігі 2 есеге өсті: 2022 жылғы 1 қыркүйекте 5,0% болса, 2023 жылғы 1 мамырда 10,6% болды.
- Ағымдағы жылдың наурыз айында санкциялар алынғаннан кейін толыққанды операциялық қызметті қарқынды қалпына келтіре бастадық, бұл бағыттағы жұмыс жоспарға сәйкес жалғасуда.
Кредит рейтингін алу рәсімдерінен өту стратегиялық шешім және қалпына келтіру кезеңдерінің бірі болды. ВВ рейтингі – соңғы бір жарым жылдағы оқиғаларды ескерсек, өте жоғары баға.
Таяу уақытта барлық операциялық реттеулер, нақты айтсақ, Қазақстан қор биржасында операцияларды қайта бастау, жергілікті және шетелдік банктермен корреспонденттік қатынастарды қалпына келтіру, халықаралық төлем жүйелерімен жұмысты біртіндеп қалпына келтіру аяқталады деп күтіп отырмыз. Клиенттерімізге біздің банкке сенім артқандары үшін алғыс айтқым келеді, - деді «Bereke Bank» АҚ Басқарма төрағасы Андрей Тимченко.