Ақпан айының басында Алматыда Қазақстан, Ресей, Грузия, Беларусь, Оңтүстік Корея және басқа елдерден 20 мыңнан астам адам қатысқан бизнес, халықаралық сарапшылар, ІТ-қоғамдастық және мемлекеттік органдар өкілдерімен ең ірі цифрлық іс-шара өтті.
Digital Almaty ашылу салтанатына ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев және Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің басшысы Бағдат Мусин қатысты.
Форум шеңберінде Bereke Bank демеуші рөлін атқарды және авто заңдастыру, ЖК және ЖШС тіркеу сияқты жаңа онлайн-сервистерді ұсынды.
Автокөлікті заңдастыру қызметінің басты артықшылығы қосымша ақы төлеуді және кезекте күтуді талап етпейтін жылдам әрі ыңғайлы процесс болды. Қызмет ҚР ІІМ қолдауымен іске қосылды және B-Bank қосымшасында қолжетімді.
Бұдан басқа, банк ҚР Әділет министрлігімен және Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп ЖШС-тің В-Business мобильдік қосымшасында тіркеу жөніндегі мемлекеттік қызметті іске асырған бірінші банк болды.
Сонымен қатар қосымшада кәсіпкерлер өздерінің жеке кәсіпкерлігін тіркей алады. Сервис Мемлекеттік кірістер комитетімен, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен іске асырылды.
Сонымен қатар, қосымшада ЖК және ЖШС үшін шот ашуға болады.
Қосымша ақпаратты Банктің байланыс орталығынан мына нөмірлер бойынша алуға болады: жеке тұлғалар үшін 5030 және заңды тұлғалар үшін 7744.
20.09.22 ж. №1.2.199/93/31 лицензияны Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген.