Кеңес ал!

11.02.2025

Байтерек және BlueGen Ltd инвестициялық ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады

Байтерек және BlueGen Ltd инвестициялық ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы Рустам Қарағойшин Израильдің BlueGen Ltd компаниясы делегациясымен кездесті. Келіссөзге BlueGen Ltd бас директоры Хакоэн Лиху, компанияның бизнесті дамыту жөніндегі вице-президенті Сиван Лиад және BlueGen Water бас директоры Навон Кфир қатысты.

Кездесу барысында тараптар Холдинг пен BlueGen Ltd компаниясының қызметі туралы ақпаратпен бөлісіп, 2024 жылғы жұмыс нәтижелерін талқылады және ынтымақтастықтың бағыттарын белгіледі. Тараптар Қазақстан аумағында кәріздік тазарту құрылыстарын салу және қайта құру саласындағы инвестициялық жобаларды қарастырды.

BlueGen Ltd – су ресурстарын басқару, ағынды суларды тазарту және тұщыландыру саласындағы экологиялық шешімдер мен инновациялық технологияларды жеткізетін әлемдегі жетекші компаниялардың бірі. Компания мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде ауқымды жобаларды жүзеге асыруда мол тәжірибеге ие және бұған дейін Семей мен Өскемен қалаларында су шаруашылығы нысандарын жан-жақты зерттеген. Қазақстанмен ынтымақтастық аясында BlueGen Ltd бірқатар экологиялық инфрақұрылымдық жобалардың бас инвесторы және бас мердігері рөлін атқаруға дайын екенін білдірді.

«Біз су ресурстарын басқару саласында бірегей технологиялары мен табысты тәжірибесі бар сенімді шетелдік серіктестермен ынтымақтастыққа мүдделіміз. BlueGen Ltd-пен бірлескен жобаларды іске асыру Қазақстанға ағынды суларды тазарту тиімділігін едәуір арттыруға және су шаруашылығы саласында озық шешімдерді енгізуге мүмкіндік береді», – деп атап өтті «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы Рустам Қарағойшин.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара іс-қимылдың нақты қадамдарын әзірлеу және бірлескен жобаларды іске асыру үшін қаржыландыру тетіктерін пысықтау бойынша диалогты жалғастыруға келісті.

Анықтамалық ақпарат:

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ – Қазақстанның кәсіпкерлікті қолдау, инфрақұрылымды дамыту және стратегиялық маңызды жобаларды қаржыландыруды қамтамасыз ететін негізгі даму институты. 2024 жылдың қорытындысы бойынша холдингтің активтері 25,8 млрд еуроны, ал бизнесті қаржылық қолдау көлемі 7,54 млрд еуродан асты.

BlueGen Ltd – экология, су тазарту және су ресурстарын басқару саласында жұмыс істейтін Израильдің ең ірі инфрақұрылымдық инвестициялық қоры. Компания 60-тан астам елде табысты жобаларды жүзеге асырып, ағынды суларды тазарту саласындағы инновациялық шешімдер бойынша көшбасшы болып табылады.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар