09.07.2025 18:21:00
- Холдинг туралы
Кеңес ал!
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі Қытай Халық Республикасымен белсенді ынтымақтастық шеңберінде Қытайдың сауда-өнеркәсіп банкінен (ICBC) 500 000 000 юань сомасында кезекті ұзақ мерзімді банктік қарыз алды.
Бұл стратегиялық қадам холдингке халықаралық нарықтағы өз позициясын нығайтуға, валюталық тәуекелдерді әртараптандыруға және жаңа жобаларды дамыту үшін инвестициялық мүмкіндіктерді күшейтуге мүмкіндік береді. Қытайдың ұлттық валютасында қарыз алу қытайлық серіктестермен және жеткізушілермен қосымша ынтымақтастық перспективаларын ашады, сондай-ақ экспорттық және импорттық операцияларды кеңейтуге ықпал етеді.
Қытайдың сауда-өнеркәсіп банкімен (ICBC) ынтымақтастық Қытайдың қаржы секторының холдингке және оның тұрақты дамуына деген сенімін растайды. Алынған қаражат экономиканың өңдеуші секторының жобаларын қаржыландыруға бағытталатын болады.
Қытай қаржы институттарымен өзара іс-қимылды кеңейту холдингтің халықаралық позицияларды нығайту және жаһандық нарықтарда әріптестік қатынастарды дамыту жөніндегі ұзақ мерзімді стратегиясына сәйкес келеді.
ICBC – Қытайдағы және әлемдегі ең ірі коммерциялық банк. Қытайдың ең ірі банктерінің «үлкен төрттігіне» кіреді және Қытайдың банк секторының бестен бір бөлігін бақылайды.