Сұрақ-жауап
7077 Call-орталығы
А А Экран дикторы

12.03.2025

«Байтерек» энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту жобаларына өтінім қабылдау сервисін іске қосты

Кеңес ал!

12.03.2025

«Байтерек» энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту жобаларына өтінім қабылдау сервисін іске қосты

«Байтерек» энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту жобаларына өтінім қабылдау сервисін іске қосты

«Байтерек» ұлттық басқарушы холдингі bgov.kz платформасында табиғи монополия субъектілеріне (ТМС) арналған жаңа онлайн-сервисін іске қосты. Бұл сервис кәсіпорындарға «Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы (ЭКСЖ) аясында өз жобаларын қарастыруға өтінім беруге мүмкіндік береді.

Сервис туралы

Жаңа сервис энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларында қызмет ететін, өз инфрақұрылымын жаңғыртуды жоспарлайтын кәсіпорындарға арналған. bgov.kz платформасы арқылы кәсіпорындар (ТМС) өз жобасын ұсынып, қаржыландыруға қол жеткізе алады.

Сервис қалай жұмыс істейді?

  1. bgov.kz сайтында тіркелу – пайдаланушылар электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы аутентификациядан өтеді.
  2. Өтінім беру – жедел бағалау үшін негізгі қызмет көрсеткіштерін көрсетіп, қажетті құжаттарды тіркеу және байланыс деректерін енгізу қажет.
  3. Өтінімді қарастыру – «Байтерек» холдингінің мамандары ұсынылған құжаттарды сараптап, жобаның белгіленген критерийлерге сәйкестігін бағалайды.
  4. Қаржыландыруға жіберу – мақұлданған жағдайда жоба қаржыландыру үшін холдингтің еншілес ұйымдарына және/немесе екінші деңгейлі банктерге жолданады.

Қаржыландыру тетіктері

Энергетика және коммуналдық инфрақұрылымды ауқымды жаңарту үшін ЭКСЖ ұлттық жобасына 13 трлн теңгеден астам инвестиция қажет, оның 4,7 трлн теңгесі «Байтерек» холдингінің қатысуына тиесілі. Ұлттық жоба аясында ТМС-ті қаржыландыру келесі тетіктер арқылы жүзеге асырылады:

  • Тікелей несиелендіру – ТМС екінші деңгейлі банктер (ЕДБ), «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (ҚДБ), халықаралық қаржы ұйымдары (ХҚҰ) және Кәсіпкерлікті дамыту қоры (ҚДҚ) арқылы қаржыландыру ала алады.
  • Синдицирленген және қоса қаржыландыру – бірнеше қаржы институттарының қатысуымен жобаларды бірлесіп қаржыландыру, бұл қаржы тәуекелдерін азайтуға және қолжетімді қаражат көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
  • Облигациялық қарыздар – жергілікті атқарушы органдардың (ЖАО) облигацияларын шығару, оларды «Қазақстан Тұрғын үй компаниясы» АҚ (ҚТК) немесе «Қазақстан Даму Банкі» АҚ сатып алады. Бұл инфрақұрылымды жаңғырту үшін қажетті қаражат тартуды қамтамасыз етеді.

Қызмет кімдерге қолжетімді?

Сервис табиғи монополия субъектілеріне арналған, оның ішінде:

  • Электр және жылу энергиясын өндіру және тарату кәсіпорындары
  • Су беру және су бұру мекемелері
  • Коммуналдық инфрақұрылымды басқаратын ұйымдар

Бұл не үшін маңызды?

Қазіргі таңда энергетика және коммуналдық сектордағы инженерлік желілердің тозу деңгейі сыни шектерден асып кеткен. Оны төмендету және инфрақұрылымды жаңғырту үшін айтарлықтай қаржыландыру қарастырылған. Бұл жылу, электр энергиясы, су беру және су бұру жүйелеріндегі апаттар мен шығындарды едәуір азайтуға мүмкіндік береді.

Ұлттық жоба табиғи монополия субъектілерінің кең ауқымын қамтиды, олардың қатарында мемлекеттік және жеке кәсіпорындар бар. Жобаны жүзеге асыру барысында әртүрлі аймақтардағы инфрақұрылымның ерекшеліктерін ескере отырып, қаржыландыру әділ бөлінеді.

Сонымен қатар, Қазақстанда энергия өндіретін ұйымдардың бірқатарының негізгі құралдары айтарлықтай тозған. Осыған байланысты Ұлттық жоба аясында жаңа қуат көздерін салу және қолданыстағы объектілерді жаңғырту көзделген. Бұл энергетикалық жүйенің жалпы қуатын арттыруға және инфрақұрылымдық активтердің тозуын төмендетуге мүмкіндік береді.

Ұлттық жобаның маңызды бөлігі – отандық тауар өндірушілерді қолдау. Инфрақұрылымды жаңғырту бағдарламасын іске асыру аясында ел ішінде өндірілетін өнімнің үлесін арттыру көзделген. Бұл жаңа жұмыс орындарын құруға, импортқа тәуелділікті азайтуға және қазақстандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді.

Өтінім беруге арналған сілтеме: bgov.kz/services/MEKS

Толық нұсқаулық: https://t.me/baiterek/5490

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар