Сұрақ-жауап
1408 Call-орталығы
А А

16.07.2026

Baiterek Hackathon аясында бизнесті қолдаудың бірыңғай порталына арналған үздік цифрлық шешімдер таныстырылды

Кеңес ал!

16.07.2026

Baiterek Hackathon аясында бизнесті қолдаудың бірыңғай порталына арналған үздік цифрлық шешімдер таныстырылды

Baiterek Hackathon аясында бизнесті қолдаудың бірыңғай порталына арналған үздік цифрлық шешімдер таныстырылды

«Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі Astana Hub-пен бірлесіп, alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығында бизнесті қолдаудың бірыңғай порталының MVP-н әзірлеуге арналған Baiterek Hackathon байқауының финалдық кезеңін өткізді. Финалға шыққан сегіз команда алдағы уақытта кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау шараларын «бір терезе» қағидаты бойынша ұсынатын бірыңғай платформаның негізіне айналуы мүмкін цифрлық шешімдерін таныстырды.

Хакатонға Қазақстанның түкпір-түкпірінен әзірлеушілер қызығушылық танытты. Astana Hub платформасында жарияланған технологиялық тапсырмаға 57 өтінім келіп түсті. Алдын ала сараптамалық іріктеу қорытындысы бойынша финалға ең үздік сегіз команда өтті.

Жобаның басты мақсаты – Холдинг пен оның еншілес ұйымдарының қолдау құралдарын бір сервисте біріктіретін, сондай-ақ еншілес ұйымдардың қолданыстағы веб-порталдарын алмастыратын цифрлық платформаны құру. Портал кәсіпкерлерге өзіне сәйкес келетін қолдау шарасын таңдауға, өтінім беруге және оны қарау барысын толықтай бір цифрлық кеңістікте қадағалауға мүмкіндік береді деп жоспарлануда.

Финалдық кезеңге «Бәйтерек» холдингінің Басқарма төрағасы Рустам Қарагойшин, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі Бекболат Молдабеков, Холдингтің еншілес ұйымдарының басшылары, даму институттарының, Astana Hub пен сарапшылар қауымдастығының өкілдері қатысты. Demo Day барысында командалар өз жобаларын питчинг форматында таныстырып, қазылар алқасының сұрақтарына жауап берді.

Demo Day іс-шарасын аша отырып, Рустам Қарагойшин хакатонның басты құндылығы – Холдингтің цифрлық экожүйесінің бір бөлігіне айналып, еліміздегі кәсіпкерлерге нақты пайда әкелетін цифрлық өнім жасау мүмкіндігі екенін атап өтті.

«Жүлде қоры – қатысушылар үшін қосымша ынталандыру ғана. Ең бастысы – ел игілігіне қызмет ететін өнім жасау. Бүгінде «Бәйтерек» цифрлық трансформациядан өтіп жатыр және біз үшін мемлекеттік қолдау шараларын бизнес үшін барынша қолжетімді әрі ыңғайлы ететін заманауи шешімдерді көру маңызды. Үздік идеялардың нақты іске асуына мүмкіндік беру үшін батыл шешімдер қабылдауға дайынбыз», – деді Холдинг басшысы.

Басқарма төрағасының айтуынша, бизнесті қолдаудың бірыңғай порталын әзірлеудегі негізгі қағидат – пайдаланушыға барынша қолайлы сервис қалыптастыру. Кәсіпкер даму институттарының ішкі үдерістерін түсінуге міндетті емес. Жүйе қажетті қолдау құралын өздігінен анықтап, оны алудың ең оңай жолын ұсынуы тиіс.

«Біздің міндетіміз – кәсіпкердің бір ғана платформаға кіріп, өз сұрақтарына жедел жауап алуына жағдай жасау. Клиент біздің ішкі үдерістерімізге бейімделіп, Холдингтің барлық өнімдерін білуге тиіс емес. Керісінше, жүйе оның қажеттілігін өзі анықтап, тиісті қолдау шараларын ұсынып, әр кезеңде сүйемелдеуі қажет. Біз бизнесті қолдаудың бірыңғай порталының негізіне дәл осындай қарапайым, заманауи әрі пайдаланушыға бағдарланған тәсілді енгізіп отырмыз», – деді Рустам Қарагойшин.

Baiterek Hackathon байқауының жеңімпазы Application Xpress командасы атанды. Екінші орынды Geometry командасы иеленді. Үшінші орынды ақпараттық технологиялар мамандығында білім алып жүрген SDU University студенті Муслима Қосмағамбетова мен IZIPAQ компаниясы өзара бөлісті.

Байқаудың жалпы жүлде қоры 7 млн теңгені құрады. Жеңімпазға 3 млн теңге, екінші орын иегеріне 2 млн теңге, ал үшінші орын үшін 1 млн теңге көлемінде сыйақы табысталды. Ұсынылған шешімдер бизнесті қолдаудың бірыңғай порталын әзірлеу барысында одан әрі пысықтау үшін «Бәйтерек» холдингінің қарауына ұсынылады.

Анықтамалық ақпарат

«Application Xpress» ЖШС – 2015 жылдан бері Қазақстан нарығында жұмыс істейтін көпсалалы ІТ-компания. Компания халықаралық стандарттарға сәйкес әлемдік жетекші жабдық және бағдарламалық қамтамасыз ету өндірушілерімен ынтымақтастықта кешенді ІТ-шешімдерді ұсынады. Негізгі қызмет бағыттарына жасанды интеллект, RPA және BI шешімдерін енгізу, ақпараттық жүйелер мен ІТ-инфрақұрылымды сүйемелдеу, сондай-ақ Oracle, PostgreSQL, Red Hat, VMware, Fortinet және басқа да лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді жеткізу мен қолдау кіреді.

Geometry – 2017 жылдан бері ірі ұйымдарға бірыңғай басқару жүйелерін қалыптастыруға көмектесетін Enterprise Intelligence компаниясы. Компанияның қоржынында 200-ден астам клиент пен әзірлеу, аналитика және жасанды интеллект саласындағы 135-тен астам жоба бар. Флагмандық өнімі – деректерді, бизнес-процестерді және аналитиканы бір басқару жүйесіне біріктіретін Asara платформасы. Компания мемлекеттік және квазимемлекеттік секторлардағы жобаларды іске асыруда мол тәжірибеге ие.

«IZIPAQ» ЖШС – 2018 жылдан бері халықаралық стандарттарға сәйкес қызмет көрсетіп келе жатқан көпсалалы қазақстандық ІТ-компания. Компания ақпараттық жүйелерді жобалау және сүйемелдеу, жасанды интеллект, RPA және BI шешімдерін енгізу, сондай-ақ Oracle, PostgreSQL, Red Hat, VMware және басқа да лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді жеткізу мен қолдауға маманданған.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар