18.12.2019

«Бәйтерек» холдингінің жылдық есебі республикалық жылдық есептер конкурсының номинанты атанды

«Бәйтерек» холдингінің жылдық есебі республикалық жылдық есептер конкурсының номинанты атанды

«Бәйтерек» холдингінің 2018 жылғы жылдық есебі «QRA» ірі рейтингтік агенттігі өткізетін IX жылдық есептер байқауының «Қаржы секторындағы үздік жылдық есеп» номинациясында екінші орынға ие болды.

 

Қазақстанда жылдық есептер байқауы 2011 жылдан бастап жыл сайын өткізіледі және елдегі корпоративтік есептілікті дамытудың негізгі бағыттарын анықтайды.

 

Байқау аясында жыл сайын Қазақстанда шығарылған 100-ден астам жылдық есептер бағаланады. Есептер мазмұнды да (беделді тәуелсіз комиссияға корпоративтік басқару, есептілік, тұрақты даму және басқалар саласындағы жетекші сарапшылар кіреді), сондай-ақ дизайн тұрғысынан да (дизайн және полиграфия саласындағы сарапшылар) бағаланады.

 

Жобаның ерекшелігі – жылдық есептер мен өзекті трендтер мен жылдық есептіліктің үздік әлемдік және қазақстандық тәжірибесі туралы талдамалық материалдар рейтингін дайындау болып табылады. Сонымен қатар, байқауды өткізу тәжірибелік семинармен сүйемелденеді.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар