19.12.2024
- Холдинг туралы
Қазақстанда 2025 жылға дейінгі индустриалды-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Оны іске асыру өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігін 2018 жылдың деңгейінен 1,6 есеге, экспорт көлемін - 1,9 есеге ұлғайтуды, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар санын көбейтуді, тауардың экономикалық күрделілік индексін арттыруды қамтамасыз етуі тиіс. Республикалық бюджеттен 780 млрд. теңгеден астам қаржы бөлу жоспарланып отыр, оның 560 млрд теңгесі «Бәйтерек» холдингі желісі бойынша бөлінеді. Бұл туралы толық ақпаратпен арнайы дайындалған инфографикадан танысуға болады.
Анықтама үшін:
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 мамырдағы Жарлығына сәйкес құрылды. Корпоративтік басқарудың озық стандарттарына сәйкес келетін және оны әртараптандыру, инновацияларды қолдау, экспортты дамыту, еңбек өнімділігін арттыру арқылы Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы бойынша мақсаттарды қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасы Үкіметінің басты институты. Холдинг құрамына «Қазақстанның даму банкі» АҚ, «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ, «KazakhExport» ЭСК» АҚ, «Даму» КДҚ» АҚ, «QazTech Ventures» АҚ, «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ, «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ, «Бәйтерек девелопмент» АҚ, «Kazakhstan Project Preparation Fund» ЖШС кіреді.