26.06.2020

"БӘЙТЕРЕК" ХОЛДИНГІНІҢ БАСШЫСЫМЕН ТІКЕЛЕЙ ЭФИР 15:00-ГЕ АУЫСТЫРЫЛДЫ

"БӘЙТЕРЕК" ХОЛДИНГІНІҢ БАСШЫСЫМЕН ТІКЕЛЕЙ ЭФИР 15:00-ГЕ АУЫСТЫРЫЛДЫ

Құрметті достар! "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі "АҚ басқарма төрағасы Айдар Әріпхановпен 2020 жылғы 29 маусымға жоспарланған  "тікелей эфир", сағат 11:00-ден сол күнгі 15:00-ге ауыстырылды.

 

А.Әріпханов "Байтерек" холдингі қызметінің қорытындылары туралы, компанияның ел экономикасына қосқан үлесі туралы айтып береді, сондай-ақ сіздің сұрақтарыңызға жауап береді.

 

"Тікелей эфир" трансляциясы холдингтің әлеуметтік желілерінде жүргізілетін болады:

 

Facebook

https://www.facebook.com/baiterek/

 

Instagram

https://www.instagram.com/baiterekgovkz/

 

YouTube.

https://www.youtube.com/channel/UCk4kFoUrX7q_EbnDA7ke5IA

 

Сұрақтарыңызды мына электрондық поштаға жіберуге болады: iconference@baiterek.gov.kz

 

***

 

Айдар Әріпханов «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасы ретінде 2017 жылдың желтоқсанында тағайындалды. Мемлекеттік қызметтегі және корпоративтік басқару саласындағы 20 жылдан артық жұмыс өтілі бар.



2004-2017 жылдары қаржы вицеминистрі, ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесі жетекшісінің орынбасары, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі, ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі, ҚР ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары, «Қазақтелеком» АҚ Басқарушы директоры, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары, Басқарма Төрағасының м.а., ұлттық экономика вице-министрі, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары қызметтерінде болды.



1997 жылдан бастап 2004 жылға дейінгі аралықта Сыртқы қарыз алу комитетінің бағдарламалық және әлеуметтік қарыздар бөлімінің бас маманы, Мемлекеттік сыртқы қарыз алу және мемлекеттік кепілдер басқармасының бағдарламалық және әлеуметтік қарыздар, қарыздарды жүзеге асыру бөлімдерінің жетекшісі, Үкіметтік қарыздар және мемлекеттік кепілдер басқармасының жетекшісі, Қаржы министрлігінің мемлекеттік қарыз және кредиттеу департаменті директорының орынбасары ретінде жұмыс атқарды.



Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбектің «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» Акционерлік қоғамы Кеңесінің құрамы туралы» 2018 жылғы 10 қаңтардағы № 11 бұйрығымен «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің құрамына сайланды.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар