29.03.2019

«Бәйтерек» холдингі жаңа инвестициялық саясатты жүзеге асыруда

«Бәйтерек» холдингі жаңа инвестициялық саясатты жүзеге асыруда

Tengrinews ақпараттық порталы «Бәйтерек» холдингінің жаңа инвестициялық саясатты іске асыруы туралы материал жариялады.

Енді компанияның инвестициялық саясаты елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ететін экономиканың жеке секторының жобаларына шоғырланады. Әдетте, ұзақ мерзімді өтелімділік және төмен табыстылықпен сипатталатын шикізат емес салалардағы капиталды қажет ететін ірі жобалар коммерциялық банктер үшін тартымды емес.  Алайда, дәл осындай ұзақ мерзімді, күрделі, өңдеу өнеркәсібі мен инфрақұрылымда жүзеге асырылатын жобалар – холдингтің басым бағыттары болып табылады.

Жаңа инвестициялық саясатта жобаны дамыту индексі сияқты құрал енгізілді - бұл аса маңызды әлеуметтік-экономикалық жобаларды басымдыққа алып, оларға неғұрлым тиімді жағдай жасауға мүмкіндік береді. Жоғары даму индексі бар жоба мемлекеттік бағдарламаларда айқындалған басым салаға сәйкес келуі, жұмыс орындары мен еңбек өнімділігін ұлғайтуға ықпал етуі, өндірістегі экспорттың елеулі үлесін болжауы және салынған қаражат бірлігіне өнім шығару көлемін ұлғайтуы тиіс.

2018 жылдың қорытындысы бойынша холдинг экономиканың шикізаттық емес секторларын ұзақ мерзімді несиелеу нарығының 48 пайызын алады. Мәселен, Қазақстанның Даму Банкінің несие қоржынында ("Бәйтерек" холдингінің еншілес компаниясы) бүгінгі күні құны 5,3 триллион теңге болатын 63 ірі жоба, "Қазына Капитал Менеджмент" АҚ құрамына кіретін тікелей инвестициялар қорларының инвестициялық қоржыны (холдингтің тағы бір еншілес ұйымы) БКМ 144 миллиард теңгеден астам инвестиция сомасына 43 жоба бар, ал ҚДБ – Лизинг компаниясының лизингтік қоржыны жыл қорытындысы бойынша 191,7 миллиард теңгені құрады.

Холдингтің табысты жобаларының арасында Шығыс Қазақстандағы Ақтоғай ТБК байыту фабрикасының құрылысын, Шымкент қаласында күштік трансформаторлар өндіретін зауыттың құрылысын, Павлодар облысында темір жол дөңгелектері шығаратын кешен құруды, Маңғыстау облысында минералды тыңайтқыштар өндіретін зауытты жаңғыртуды және «Баян Сұлу» АҚ кондитерлік фабрикасын экспортқа дейінгі қаржыландыруды атап өтуге болады. Соңғы жоба «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.

– Біз «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-мен бірлескен бағдарлама бойынша үш жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп келеміз 2015-2016 жылдары «Баян Сұлу» кондитерлік фабрикасы жалпы сомасы 3,59 миллиард теңге болатын екі транш алды. 2018 жылы біз экспорттан заңды өсімді сездік: жаңа нарықтар мен серіктестер пайда болды. Бүгінгі таңда «Баян Сұлу» өндірістік қуаттың жалпы көлемінің 30 пайызын экспорттайды. Біз Холдингпен бірге үлкен жұмыс атқардық, енді оның нақты нәтижесін көріп отырғанымызға қуаныштымыз, – деп атап өтті «Баян Сұлу» АҚ президенті Тимур Садықов.

Бұған қоса, холдинг «Президенттің бес әлеуметтік бастамасына» кіретін «Сарыарқа» магистральды газ құбырын салу жобасына белсенді қатысады және Нұр-Сұлтан қаласының, Қарағанды және Ақмола облыстарының қосымша 2,7 миллион тұрғынын газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Міндеті экономиканы жаңғырту және қазақстандық нарыққа шетелдік инвестицияларды тарту болып табылатын «Бәйтерек» холдингі алты жыл бұрын Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің тапсырмасы бойынша құрылған болатын және осы уақыт ішінде бірегей даму институтына айналған жоғары сенімді ақтап үлгерді. Компания құрамына Индустриялық даму, ұлттық өнім экспортын жылжыту, ШОБ дамыту, тұрғын үй-құрылыс секторында және венчурлік қаржыландыруда міндеттерді іске асыру саласындағы 11 еншілес ұйым кіреді.

 

Ақпарат көзі Tengrinews

 

 

2

 

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар