19.12.2024
- Холдинг туралы
"Бәйтерек" Холдингінде ҚР Тәуелсіздігінің 28 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті. Холдингтің және оның еншілес ұйымдарының ұжымын басқарма төрағасы Айдар Әріпханов атаулы күнмен құттықтады.
- Біздің Холдинг пен еншілес ұйымдардың Қазақстанның дамуына қосқан үлесі салмақты екенін ерекше атап өткім келеді. Бұл өз кезегінде төленген салық пен өндірілетін өнім түрінде мемлекетке үлкен пайда әкеледі. Біздің тікелей қатысуымызбен жұмыс орындары құрылады. Біз қазақстандық өнімге шетелдік нарықтарды бағындыруға көмектесеміз, сондай-ақ еліміздің экономикасына шетелдік инвестицияларды тартамыз. Дәл біз құрылыс саласын дамытудың катализаторы болып табыламыз және қазақстандықтарды қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етеміз. Мен Қазақстанның орнықты дамуына жәрдемдесу жөніндегі біздің миссиямызды табысты орындаудамыз деп сеніммен айта аламын! - деді "Бәйтерек" холдингінің басшысы өзінің құттықтау сөзінде.
Айдар Әріпханов әріптестеріне еліміздің экономикалық және қаржы саласын дамытуға қосқан баға жетпес үлесі үшіналғысын білдіріп, отбасыларға амандық пен барлық бастамаларда табыс тіледі.
Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес Холдинг пен еншілес ұйымдардың бес өкіліне мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін мемлекеттік наградалар табыс етілді.
"Құрмет" орденімен "Қазақстан ипотекалық компаниясы" АҚ Басқарма Төрағасының кеңесшісі Бақытжан Бекетаев марапатталды. "Ерен еңбегі үшін" медалімен Холдингтің басқарушы директоры Ерсаин Хамитов, PR мәселелері бойынша "Қазына Капитал Менеджмент" АҚ Басқарма Төрағасының кеңесшісі Максим Рожин, "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ Бағалы қағаздарды бағалау департаментінің директоры Жанна Цой, сондай-ақ Алматы қаласындағы "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ филиалының директоры Гүлзат Симтикова марапатталды.
"Бәйтерек" холдингі қызметкерлері - Құжаттамалық қамтамасыз ету қызметінің басшысы Айгүл Баймолдинова, құқықтық қамтамасыз ету департаментінің директоры Айбол Балкин, жобалық қаржыландыру және МЖӘ департаментінің директоры Азамат Ералин, тұрғын үй-құрылыс активтері департаментінің директоры Олжас Салықов, адам ресурстарын басқару департаментінің бас менеджері Қамшат Мансарбаева, активтерді басқару департаменті жобасының басшысы Ильмира Хамзина, сондай-ақ, "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ Солтүстік Қазақстан филиалы директорының орынбасары Владимир Кожевниковқа және "Қазақстанның инвестициялық қоры" АҚ Активтерді басқару департаментінің директоры Қайсар Насеновке ел игілігіне қол жеткізуде жемісті еңбек еткені үші ҚР Премьер-Министрінің алғыс хаттары берілді.
Сонымен қатар, "Бәйтерек" холдингі Басқарма Төрағасының Алғыс хатымен келесі қызметкерлер марапатталды:
- Холдингтің корпоративтік хатшы қызметі жобасының жетекшісі Ләззат Асқарова;
- Холдингтің Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің бас менеджері Мерей Бектұрсынова;
- Холдингтің тәуекелдерді басқару департаментінің бас менеджері Александр Горохводацкий;
- Холдингтің ішкі аудит қызметінің ішкі аудиторы Динара Жүсіпова;
- Холдингтің корпоративтік қаржы департаменті жобасының жетекшісі Дәурен Закумбаев;
- Холдингтің талдау және зерттеу департаментінің бас менеджері Сырымбет Қаскеев;
- "Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры" АҚ жобалар мониторингі департаментінің №2 жобалау қызметінің бастығы Ринат Ануарбеков;
Олжас Альтаев - "QazTech Ventures" АҚ бизнес инкубациялау және акселерация департаментінің директоры;
- "ҚДБ-Лизинг" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Ринат Ғаппаров;
- "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ ішкі бақылау департаментінің директоры Гүлнар Досыбаева;
- "Baiterek Venture Fund" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Айтуған Жақсымбай;
- "Бәйтерек Девелопмент" АҚ зерттеу және стратегиялық даму дирекциясының Бас менеджері Спандиярхан Құлметов;
- "ЭСК "KazakhExport" АҚ сақтандыру департаментінің бас менеджері Алмаз Нұрғалиев;
- "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Фархат Сәрсекеев;
- "Қазына Капитал Менеджмент" АҚ инвестициялық қорлар департаментінің бас менеджері Рауан Сейфуллин;
Еркін Сыздықов - "Қазақстан ипотекалық компаниясы" АҚ Басқарушы директоры;
- "Kazakhstan Project Preparation Fund" ЖШС Бас бухгалтері Балжан Уксукбаева;
- "Қазақстан Даму Банкі" АҚ клиенттермен жұмыс жөніндегі дирекцияның аға банкирі Әсем Шәкенова;
- "Қазақстанның инвестициялық қоры" АҚ Қоғаммен байланыс және корпоративтік өзара байланыс қызметінің жетекшісі Надежда Шаяхметова.