05.11.2019

«Бәйтерек» Холдингі қызметінің нәтижелері туралы есеп тыңдалды

«Бәйтерек» Холдингі қызметінің нәтижелері туралы есеп тыңдалды

2019 жылы 5 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловтың төрағалығымен «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ қызметінің нәтижелерін тыңдау өтті. Кеңеске ҚР ИИДМ, Холдинг және оның еншілес ұйымдарының басшылары қатысты.

 

2

 

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы Айдар Әріпханов өз сөзінде атап өткендей, Холдинг корпоративтік басқарудың озық стандарттарына сәйкес келетін ҚР Үкіметінің негізгі институты болып табылады. Ол әртараптандыру, инновацияларды қолдау, экспортты дамыту, еңбек өнімділігін ұлғайту жолымен Қазақстан экономикасын орнықты дамыту жөніндегі міндеттерді іске асыруды қамтамасыз етеді. Холдинг «Нұрлы жол», «Нұрлы жер», ИИДМБ, «Бизнестің жол картасы-2020», «Еңбек» секілді негізгі мемлекеттік бағдарламаларының операторы болып табылады.

Кеңес барысында бірқатар бейінді бағыттар бойынша Холдинг жұмысының нәтижелері айтылды. Атап айтқанда, «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму бағдарламасы аясында 93 ірі бизнес жобасы қолдау тапты (оның ішінде 48-і экспортқа бағытталған), ШОБ саласында 2510 жоба, 15771 автонесие берілді, 17 экспорттаушыға көмек көрсетілді.

«Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың арқасында Қазақстандық ипотекалық компания мен «Бәйтерек девелопмент» АҚ құралдары арқылы 3,1 млн. шаршы метрден астам тұрғын үй тапсырылды - бұл 52358 пәтер. Халыққа 86,9 млрд теңгеге 10400 жеңілдікті тұрғын үй заемы берілді, 120 млрд теңгеге 33 үлестік құрылыс жобасына кепілдік берілді.

Индустриялық инновациялық даму бағдарламасы бойынша 22 ірі бизнес және 356 инновациялық жоба қолдау тапты. «Бизнестің жол картасы-2020» шеңберінде 14360 ШОБ жобасы субсидияланды, 5969-ы кепілдендірілді, 16-на лизингтік қаржыландыру арқылы қолдау көрсетілді, 92-не бизнес-инкубаторларды қолдау тетіктері арқылы көмек көрсетілді.

Кездесу барысында «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Әнуар Омарходжаев пен Басқарушы директор - Холдингтің Басқарма мүшесі Ерсаин Хамитов баяндама жасады. Сондай-ақ Холдинг пен оның еншілес ұйымдарын дамытудың өзекті мәселелері мен алдағы кезеңге арналған жоспарлар талқыланды.

Кездесу соңында Бейбіт Атамқұлов индустриялық секторды дамытуға ерекше назар аудару қажеттігін атап өтті, себебі ол қоғамдық жүйенің Экономикалық даму деңгейіне, сондай-ақ барлық экономикалық кеңістікті индустрияландырудың материалдық негізіне үлкен әсер етеді.

 

Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің сайты.

 

3

 

 

4

 

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар