16.01.2020

«Бәйтерек» холдингі ресейлік Жобаларды қаржыландыру фабрикасының тәжірибесінен үлгі алуда

«Бәйтерек» холдингі ресейлік Жобаларды қаржыландыру фабрикасының тәжірибесінен үлгі алуда

«Бәйтерек» холдингінің Басқарма төрағасы Айдар Әріпханов және Холдингтің еншілес ұйымдарының басшылары Мәскеу қаласында жұмыс сапарымен болып, онда Ресейдің мемлекеттік қаржы институттарының топ-менеджерлерімен кездесті.

 

Делегация құрамында еншілес ұйымдардың басшылары «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Абай Сарқұлов, «KazakhExport» ЭСК» АҚ Руслан Ысқақов, «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ Айнұр Қуатова, «Даму» КДҚ» АҚ Гаухар Бөрібаева, «Kazakhstan Project Preparation Fund» ЖШС Өтембаев Әділ, «Қазақстанның Даму Банкі-Лизинг» АҚ Нұрлан Байбазаров бар.

 

ЖҚФ – экономиканың басым секторларындағы инвестициялық жобаларды жобалық қаржыландыру тетігі. Кредитор болып бірден Бірнеше ресейлік банктер және ВЭБ.РФ мемлекеттік корпорациясы табылады. Олар қарыз алушыға «синдикатталған» деп аталатын, яғни бірлескен кредит береді, оның құны, әдетте, бір банк бөлетін кредитке қарағанда жоғары болады. Жеңілдетілген кредит алу үшін құны 3 млрд. рубльден және қайтару мерзімі 20 жылға дейінгі жобалар үміттене алады. Өтініш беруші жоба құнының кем дегенде 20%-ын өзі салуы керек.

 

Өз кезегінде Айдар Әріпханов ЖҚФ шолуының өткізілгені және осы бағдарламаның қатысушыларымен танысқаны үшін алғысын білдірді.

 

2

 

- Сіздермен тығыз және өзара тиімді ынтымақтастық бізге инвестициялар тарту және жобаларды қаржыландыру саласындағы негізгі міндеттерді тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді, - деді «Бәйтерек» холдингінің басшысы ВЭБ.РФ төрағасы Игорь Шуваловқа айтқан сөзінде.

 

Өз кезегінде Айдар Әріпханов ресейлік әріптестеріне негізгі стратегиялық бағыттары ірі бизнесті қолдау, шағын және орта бизнесті дамыту, экспорттық әлеуетті арттыру, тұрғын үйдің қаржылық қол жетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ инновациялық экожүйе мен технологиялық кәсіпкерлікті дамыту болып табылатын «Бәйтерек» холдингінің қызметі туралы айтып берді.

 

Сонымен қатар, Айдар Әріпханов «Шағын және орта бизнесті дамыту жөніндегі федералды корпорация» АҚ (ШОБ корпорациясы) бас директоры - Басқарма төрағасы Александр Браверманмен, сондай-ақ Өнеркәсіпті дамыту қорының директоры Роман Петруцеймен кездесті.

 

Естеріңізге сала кетейік, ШОБ корпорациясының еншілес компаниясы - «МСП Банк» АҚ Омбы қаласында өткен Қазақстан мен Ресейдің XVI өңіраралық ынтымақтастық форумы шеңберінде «Даму» қорымен келісімге қол қойды. Қол жеткізілген уағдаластықтардың арқасында тараптар кәсіпкерлерді қолдау шараларын, соның ішінде қаржылық кепілдік пен ақпараттық-маркетингтік қолдауды және тәжірибе алмасуды жүзеге асыруда ынтымақтасуға ниетті.

 

Өнеркәсіпті дамыту қоры ресейлік өнеркәсіпті жаңарту үшін құрылды және жаңа жоғары технологиялық өнімді, импортты алмастыруды, экспортты, өндірістік құрал-жабдықтар лизингіне және басқаларға бағытталған жобаларды бірлесіп қаржыландыру үшін жеңілдікті шарттар ұсынады.

 

Сонымен қатар, «Бәйтерек» холдингі мен еншілес ұйымдардың басшылары Гайдар форумы - Ресейдің 2010 жылдан бері өткізіліп келе жатқан экономика саласындағы жыл сайынғы халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, Гайдар форумы қатысушылардың сапалы құрамы мен сарапшылардың мәртебесін ескере отырып, БАҚ-та жиі «Орыс Давосы» деп аталады. Осы жылы қатысушылар цифрлық жарыста мемлекет пен бизнестің ынтымақтастығы, сатып алулар әлемінде шағын және орта бизнестің орны, ұлттық мақсаттарды жүзеге асыру үшін қаржылық бақылау сияқты мәселелерді талқылады.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар