19.12.2024
- Холдинг туралы
Астанада «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп, Холдингтің құзыреттілік орталығының кезекті отырысы шеңберінде бірлескен кездесу ұйымдастырды. Талқылаудың басты тақырыбы Холдингтің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылы бойынша қабылдайтын шараларына арналды.
Іс-шараға «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы Айдар Әріпханов, Холдинг пен оның еншілес ұйымдарының басшылығы, МҚІжСЖҚА өкілдері қатысты.
«Бәйтерек» холдингінің Комплаенс қызметінің бастығы Равиль Арыстанбеков өз сөзінде, бүгінгі таңда Холдингтің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделгендей, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша барлық қажетті және халықаралық тәжірибеге сәйкес шаралар қабылданғанын атап өтті. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін Холдингтің жаңа ішкі нормативтік құжаттары қабылданды. Тұрақты негізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру шеңберінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша оқыту жүргізілуде. МҚІжСЖҚА Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюросы ұсынған заңнаманы бұзуға ықпал ететін жағдайларды болдырмау бойынша барлық ұсыныстар орындалған.
Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар Холдингтің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың ашықтығын қамтамасыз ету және оның алдын алу жөніндегі қызметіне оң баға берді.
Құзыреттілік орталығы – «Бәйтерек» холдингі компаниялар тобы қызметкерлерін ақпараттандыру, олардың біліктілігін және қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында тұрақты түрде өткізіп тұратын іс-шара.