19.12.2024
- Холдинг туралы
2018 жылдың 12 қазанында «Бәйтерек» холдингі «Kostanay Invest 2018» ІІ Өңірлік инвестициялық форумына қатысты. Өңірдің инвестициялық әлеуетін дамыту жөніндегі өзекті мәселелерді мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар, дипломатиялық корпус, ірі бизнес және сараптамалық ұйымдар өкілдері талқыға салды.
Пленарлық отырыс барысында «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы) Басқарма Төрағасы Болат Жәмішев Қазақстанның шикізаттық емес экономикасын дамытуды институционалдық қолдау құралдарын ұсынды.
Форумның маңызды оқиғасы Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтың өзара әрекеттесу мен ынтымақтастық туралы бір қатар меморандумдарға қол қоюы болды, олардың ішінде – «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ-мен («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы). Құжат машина жасаудағы, тау-кен-металлургия кешеніндегі, ауыл шаруашылық өнімін өңдеудегі, құрылыс материалдары мен азық-түлік өндірісіндегі жобаларды жүзеге асыруға бағытталған.
– Меморандум өңірдің әлеуетті және әрекет етуші жобаларына инвестицияларды жоғарылатудың маңызды механизміне, тараптар арасындағы өзара тиімді байланыстарды дамытудың негізіне айналады, – деп атап өтті «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ Басқарма Төрағасы Ардақ Қасымбек.
Кәсіпкерлерге арналған «Шағын және орта бизнеске арналған жаңа мүмкіндіктер» шеберлік класының аясында «Бәйтерек» холдингінің Жобалық қаржыландыру және МЖӘ департаментінің директоры Азамат Ералин «Бәсекеге қабілеттілік көшбасшылары – Ұлттық чемпиондар 2.0» бағдарламасының жаңа фазасын қосу туралы әңгімеледі. Жоба «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 62-ші қадамына сәйкес жүзеге асырылуда.
– Алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибені есепке алумен әзірленген бағдарламаның мақсаты – өңдеуші өнеркәсіптің бәсекеге қабілетті, экспортқа бағытталған және технологиялы өндірістерін құруға көмектесу болып табылады. Көмек қазақстандық компанияларды қаржылық және қаржылық емес қолдау шаралары арқылы көрсетіледі, – деп атап өтті Азамат Ералин.
Спикердің айтуынша, бағдарламаның басты ерекшеліктері – өндірісті жаңғыртуға немесе технологиялы өнімді шығаруға бағытталған инвестициялық жобаларды қаржыландыруға көзделу; идея кезеңіндегі жобаларға да, жобалық құжаттаманың толық пакеті бар жобаларға да қолдау шараларын ұсыну; бүкіл бағдарлама бойы қатысушыларды сүйемелдейтін дербес менеджер бекіту арқылы компанияны кешенді жеке қолдау болып табылады. Бағдарламаны жүзеге асыру барысында инвестициялық жобалардың өндірістік циклінің әр түрлі кезеңдерінде тиімділіктің бір қатар басты көрсеткіштері бақыланады. Қолдауға ие болған және оған бекітілген басты тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізген қатысушы «Ұлттық чемпион» атағына ие болады.
Сондай-ақ, панельді сессияларда баяндамалармен «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ құрамына кіретін компаниялар мен оның еншілес ұйымдарының өкілдері сөз сөйледі, олардың арасында: «ДАМУ» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «ЭСК «KazakhЕxport» АҚ, «Kazakhstan Project Preparation Fund» ЖШС, «ҚДБ-Лизинг» АҚ, «Baiterek Venture Fund» АҚ.