Сұрақ-жауап
Шұғыл желі
А А

15.04.2024

«Бәйтерек» ұлттық холдингі Citi өкілдерімен ынтымақтастықты кеңейту мәселесін талқылады

24.09.2019

«Бәйтерек» Холдингі америкалық бизнеспен ынтымақтастықты дамытуда

«Бәйтерек» Холдингі америкалық бизнеспен ынтымақтастықты дамытуда

«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ еншілес компаниясы - QazTech Ventures АҚ америкалық венчурлік инвестициялар қорымен бірлескен қор құру туралы алдын ала келісім жасай отырып, Қазақстанға венчурлік инвестицияларды тартуда.

QazTech Ventures пен V Жаһандық Қор арасындағы келісімге қол қою рәсімі Нью-Йоркте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың АҚШ-қа жұмыс сапары аясында өтті. Шараға «Бәйтерек» холдингінің Басқарма төрағасы Айдар Әріпханов қатысты.

V Жаһандық Қор бұл венчурлік инвестициялар қоры, ол «500 Startups» жетекші американдық венчурлік басқарушы компаниялардың бірі болып табылады. Акселератордан өткен жобалар арасында Intercom, Sunrise, Sendgrid, 9Gag, сондай-ақ ірі азиялық GrabTaxi такси-сервисі бар. QazTech Ventures бұл қорға 10 млн АҚШ долларын инвестициялауды жоспарлап отыр, оның кемінде 2 млн АҚШ доллары Қазақстандық стартаптарға инвестицияланады.

Қордың капиталдандырылуы 150 млн АҚШ долларын құрайды. Қордың негізгі инвестициялары «500 Startups» аймақтық немесе жаһандық қорлардан бұрын ақша алған барынша табысты стартаптарға салынатын болады. Қор АҚШ компанияларына капиталдың 35%-ын және әлемнің түкпір-түкпірінен іріктелген компанияларға 65%-ын инвестициялауды жоспарлап отыр. Инвестициялаудың басым салалары IT, e-commerce, fin-tech, SAS, тау-кен металлургия кешені, Агросектор, логистика және басқалар болады деп болжануда.

- «500 Startups»-пен ынтымақтастық және бірлескен қор құру Қазақстанның венчурлік капиталын дамытудың маңызды катализаторы бола алады, себебі жаһандық экожүйеге ықпалдасуға мүмкіндік береді және әлемдік нарықта отандық стартаптарды масштабтау мен елге шетелдік инвестицияларды тартуға ықпал етеді, - деп атап өтті Qazaq Tech Ventures АҚ Басқарма төрағасы Жандос Шаймарданов.

Айта кетейік, «500 Startups» - 2010 жылы Силикон алқабында (Сан-Франциско қ., АҚШ) құрылған венчурлік қорларды басқару жөніндегі жетекші американдық компаниялардың бірі. Тоғыз жыл ішінде компания 19 қор құрды, оның ішінде бүкіл әлем бойынша стартап-жобаларды инвестициялайтын 4 жаһандық және әлемнің жекелеген аймақтарында шоғырланған 15 тақырыптық. Мәселен, «500 Startups» тақырыптық қорлары Сингапурда, Таиландта, Вьетнамда, Оңтүстік Кореяда, Жапонияда, Израильде, Таяу Шығыс елдерінде, Түркияда, Бразилияда, Мексикада, Канадада және басқа да елдерде инвестицияланады.

Бұдан басқа, Холдинг басшысы Айдар Әріпханов америкалық бизнес капитандарымен өткен дөңгелек үстелге қатысты. Кездесуге Chevron, ExxonMobil, Shell, Valmont Industries, John Deere, CITI Group, Mastercard, Amazon WebServices, Cisco, 500 Startups және басқалары сияқты ірі компаниялардың басшылары қатысты.

Айта кетейік, өз стратегиясына сәйкес, «Бәйтерек» Холдингі Қазақстан аумағында инвестициялық жобаларды қолдау үшін шетелдік қорландыруды тартуда белсенді рөл атқарады. Холдинг Қазақстан нарығында жұмыс істегісі келетін америкалық компаниялар үшін белгілі бір жеңілдіктер беруге жәрдемдесуі мүмкін. Атап айтқанда, инфрақұрылым мен өнеркәсіптік жобаларға ұзақ мерзімді инвестициялар тартуға үлкен қызығушылық бар.

 

Анықтама:

 

«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 мамырдағы Жарлығына сәйкес құрылды. Корпоративтік басқарудың озық стандарттарына сәйкес келетін және Қазақстан экономикасын әртараптандыру, инновацияларды қолдау, экспортты дамыту, еңбек өнімділігін ұлғайту жолымен орнықты дамыту жөніндегі міндеттерді іске асыруды қамтамасыз ететін ҚР Үкіметінің негізгі институты. Холдингке: «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «Қазақстандық Ипотекалық Компания» ИҰ» АҚ, «KazakhExport» ЭСК» АҚ, «Даму» КДҚ» АҚ, «Qazaq Ventures» АҚ, «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ, «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ, «Бәйтерек девелопмент» АҚ, «Kazakhstan Project Preparation Fund» ЖШС кіреді.

 

«QazTech Ventures» АҚ – венчурлік қаржыландыру, бизнес-инкубациялау және технологиялық консалтинг құралдары арқылы технологиялық кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу үшін құрылған қорлардың алғашқы венчурлік қоры. «QazTech Ventures» «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ құрамына кіреді.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар