15.05.2018

«Бәйтерек» холдингі АЭФ 2018 ресми серіктесі болып танылды

«Бәйтерек» холдингі АЭФ 2018 ресми серіктесі болып танылды

АЭФ 2018: GlobalChallengesSummit ресми серіктесі – «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі», Қазақстан Республикасы Үкіметінің оның тұрақты экономикалық дамуына ықпал етуші негізгі институт. Әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру Тұжырымдамасына сәйкес, экономикалық өсімнің негізі ретінде Қазақстан Президенті еңбек өнімділігінің ұзақ мерзімді өсімін, инновацияларды дамытуды, өндіріс пен экспортты әртараптандыруды, сондай-ақ, сыртқы инвесторларды тарту және ішкі ресурстардың белсенді қолданылуы есебінен елдің бизнес-секторын дамытуды атады.

«Бәйтерек» міндеті – кәсіпкерлікті қолдау, экономиканың шикізаттық емес салаларын дамыту және шикізаттық емес өнім экспортын қолдау, технологиялар трансферті және инновациялар енгізу. «Бәйтерек» Қазақстан Республикасында, сондай-ақ, өңірлік және халықаралық деңгейде көшбасшы бола алатын экономиканың шикізаттық емес салаларындағы орта бизнес көшбасшыларын қолдауға бағытталған.

2018 жылғы мамырда Fitch Ratings рейтинг агенттігі «ВВВ» деңгейінде «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ рейтингін растады, болжам «Тұрақты», рейтингтер Қазақстанның дербес рейтингтерімен бір деңгейде. Fitch пікірінше, «Бәйтерек» холдингі экономиканың шикізаттық емес секторларын, инновациялық дамуды әртараптандыру және қолдау, экспортқа бейімделген өңдеуші салаларды қолдау арқылы Қазақстанның экономикалық даму жөніндегі саясатын іске асыруда маңызды рөл ойнайды.

«Бәйтерек» директорлар кеңесінің мүшесі Клаус Мангольд пен басқарма төрағасы Айдар Әріпханов Қазақстанның үшінші модернизациясына және БҰҰ елдерімен қабылданған тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі бизнес рөліне арналған АЭФ 2018: GlobalChallengesSummit шараларына қатысады.

 

https://www.forum-astana.org/kz

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар