Сұрақ-жауап
7077 Call-орталығы
А А Экран дикторы

30.12.2024

«Бәйтерек» холдингінде мемлекеттік органдар мен еншілес компаниялардың баспасөз қызметкерлері бас қосты

18.10.2018

БҚО зауытында жаңа желі

БҚО зауытында жаңа желі

 

2

 

Солтүстік Қазақстан облысында астықты қайта өңдеу және биоэтанол өндірісі бойынша «Биохим» зауытында екінші технологиялық желі іске қосылды. Бұл жоба «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы – «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ-ның қолдауымен жүзеге асырылып отыр.

Отандық инвесторлар зауыттағы қалпына келтіру жұмыстарын бір жарым жылдан аса уақыт бойы жүргізіп келеді. Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың айтуынша, бірегей өндірістік кәсіпорын Тайынша қаласы үшін қала құраушы болады және жалпы БҚО экономикасының дамуына күшті мультипликативті нәтиже бермек.

2017-2018 жылдарға арналған бастапқы екі кезең аясында ұн, крахмал, клейковина және азық өнімдерін өндіру бойынша диірмен кешені іске қосылды. Екі кезең сәтті аяқталды, ал үшінші кезең 2019 - 2020 жылдар аралығында жүзеге асырылатын болады және бұл жеке биоэтанол өндірісін қамтиды.

Жаңғыртудың бірінші кезеңінің шегінде ғана инвестиция сомасы шамамен бес млрд. теңгені құрайды. Қайта өндіру қуаттылығы жылына 300 мың тонна бидай өнімін, ұн өндірісі - 83 мың тонна, крахмал - 39 мың тонна, клейковина - 10 мың тонна, азық өнімдері - 41 мың тоннаны құрайтын болады. Ұн тарту өнеркәсібінде талап етілетін үшінші сыныпты жоғары сапалы астықтан басқа, экологиялық таза қоспаларды өндіруде отынға сыныбы төмен, сапасы нашар, кондициясына жеткізілмеген бидай қолданылады.

Ағымдағы міндеттер бойынша өндірістік қуаттылықтардың энергиямен қамтамасыз етілуі, сумен жабдықтаудың ішкі және сыртқы желілері қалпына келтіріліп, су сорғы станциясы белгілі бір ретке келтірілді, мазут шаруашылығы мен қазандық цехы жаңартылды.

– Мәміле құны 7 млрд теңгені құрады, «BiolineKz» ЖШС сатып алған үлесі – акциялардың 75%-ы, «ҚазМұнайГаз АҚ - өндіру және маркетинг» АҚ үлесі - акциялардың 25%-ы. Шарттың талаптары бойынша сома кезең-кезеңмен, бірнеше жылдың ішінде төленеді. «Биохим» зауыты қордың аса маңызды жобасы ғана емес, еліміз үшін стратегиялық маңызы бар өндірістік объект болып табылады. Кәсіпорын толығымен іске қосылғаннан кейін мұнда 400-ге дейін адам қызмет атқаратын болады. Қазірдің өзінде өндірісте 320-дан астам қызметкер жұмыс істеуде. Бұл жоба елімізде импорт алмастыруға және отын қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталады,– деп атап өтті «ҚИҚ» АҚ-ның Басқарма Төрағасы Ермек Сакишев.

«ҚИҚ» АҚ-ның инвестициялық портфеліне сауықтыруды жүзеге асыру үшін Қазақстан Даму банкінен «Биохим» жобасы түскен болатын.

Қосымша жаңалықтар

күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар