19.12.2024
- Холдинг туралы
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Қазақстанда жасанды интеллектпен жасалған алғашқы виртуалды жаңалықтар жүргізушісін іске қосады.
Жобаны әзірлеуге ешқандай қаражет қажет болған жоқ, тек ашық қолжетімділіктегі бағдарламалар пайдаланылды. Бұл Қазақстанның мемлекеттік және квазимемлекеттік секторындағы алғашқы жоба.
Амалия есімі берілген жаңалықтар жүргізушісі ең жаңа әрі өзекті жаңалықтарды таңдап, жариялай алады. Ақпаратты үнемі жаңартып отыру қабілетінің арқасында Амалия апта сайын Холдинг пен оның еншілес ұйымдарының қызметі туралы өзекті оқиғалар мен қызықты материалдарға шолу жасайтын болады.
«Біз жасанды интеллект арқылы жасалған виртуалды жаңалықтар жүргізушісі Амалияны мақтанышпен таныстырамыз. Бұл жоба біздің инновацияға ұмтылысымыздың және клиенттеріміз бен серіктестерімізді ең жаңа және өзекті ақпаратпен қамтамасыз етуге тырысатынымыздың айғағы», - деді «Бәйтерек» холдингінің баспасөз қызметінің басшысы Болат Садықов.
Амалия әлеуметтік медиа платформаларда аудиториямен белсенді қарым-қатынас жасайды. Пайдаланушыларды жаңалықтармен, ағымдағы қаржыландыру бағдарламаларымен таныстырып, пайдалы кеңестер береді. Ол үлкен көлемдегі ақпаратты өңдейді және жариялайтын ең маңызды және өзекті оқиғаларды іріктеп алады. Осының арқасында пайдаланушылар «Бәйтерек» холдингінің соңғы жаңалықтарынан хабардар болып, құнды ақпаратты алғашқы болып біле алады.
«Бәйтерек» холдингі және біздің жаңалықтар жүргізушіміз Амалия туралы қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтарды әлеуметтік желілердегі парақшаларымыздан біле аласыздар:
Facebook: [https://www.facebook.com/baiterek]
Instagram: [https://www.instagram.com/baiterekgovkz/]
Twitter: [https://twitter.com/baiterekgov]
Telegram: [https://t.me/baiterek]