30.10.2024
- Холдинг туралы
«Бәйтерек» холдингі Қазақстан қаржыгерлерінің XI Конгресінің және халықаралық биржалық форумның жұмысына қатысты.
Халықаралық және қазақстандық сарапшылар биржалық нарықтарды, цифрлық инфрақұрылымды дамыту, әлемдік және жергілікті капитал нарықтарында теңгемен мемлекеттік сауда-саттықты ұйымдастыру, IPO даму үрдістері, қаржы қызметтерін диджиталдау және капитал нарықтарындағы бөлшек инвесторлар белсенділігінің өсуі, қаржы нарығында ESG принциптері мен ESG өнімдерін дамыту мен ілгерілету бойынша өзекті тақырыптарды талқылады.
Қазақстан қор биржасы (KASE) Қазақстанның қор нарығын дамытуға елеулі үлес қосқан қаржы ұйымдарын, қаржы секторының сарапшылары мен мамандарын марапаттады.
«Облигациялар нарығының көшбасшысы» наградасымен «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі, Қазақстанның даму банкі, Қазақстан тұрғын үй компаниясы, «Даму» қоры, Аграрлық несие корпорациясы және ҚазАгроҚаржы марапатталды.
ҚДБ мен «Даму» қоры «ESG-облигациялар нарығының көшбасшысы» номинациясы бойынша марапатталды.
Сондай-ақ, «Бәйтерек» холдингі мен «Даму» қоры «Ұзақ мерзімді ынтымақтастық үшін» наградасын алды.
Сонымен қатар, қор нарығын дамытуға қосқан үлесі үшін топ қызметкерлеріне дипломдар табысталды.
«Бәйтерек» холдингі KASE-ке жұмысты жоғары бағалағаны үшін алғыс білдіреді және 30 жылдығымен құттықтайды!