14.11.2024
- Холдинг туралы
2024 жылғы 19 ақпанда «Бәйтерек» холдингінде Masraf Al Rayan банкінің делегациясымен кездесу өтті.
Тараптар исламдық қаржыландыру, инвестициялық жобалар, Холдингтің еншілес компанияларының қызметінде исламдық қаржыландыру құралдарын қолдану саласында тәжірибе алмасып, ынтымақтастық орнату мүмкіндіктерін талқылады.
Айта кетейік, 2024 жылғы 14 ақпанда ҚР Президентінің Катарға сапары аясында өткен инвестициялық дөңгелек үстелде Masraf Al Rayan мен «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
Анықтама үшін:
Masraf Al Rayan – штаб-пәтері Катарда орналасқан, банктік, қаржылық, инвестициялық және брокерлік қызметтерді ұсынатын исламдық банк. Банктің Катарда 17 филиалы және Ұлыбританияда, Францияда және БАӘ-де 5 халықаралық филиалы бар.
Al Rayan Investment (Masraf Al Rayan еншілес компаниясы) – Катар мен Таяу Шығыста инвестициялық банкинг пен активтерді басқаруға маманданған қаржы институты.