11.09.2023

«Бәйтерек» неміс бизнесімен ынтымақтастықты дамытады

«Бәйтерек» неміс бизнесімен ынтымақтастықты дамытады

11 қыркүйек күні «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Әділ Мұхамеджанов пен Германияның сауда-өнеркәсіп палатасы (DIHK) делегациясы арасында кездесу өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кездесу барысында холдинг пен оның еншілес компаниялары бизнес, өнеркәсіп және инвестиция бойынша неміс компанияларына қолдау көрсетуге дайын екендіктерін білдірді.

Кездесуге DIHK-тің «Жеткізу тізбегін әртараптандыру» бөлімінің басшысы Томас Бёрнер, Schneider Group президенті Ульф Шнайдер, Siemens Energy AG өңірлік даму бөлімінің басшысы Александр Золотухин, сондай-ақ бірқатар неміс компанияларының өкілдері қатысты.

Кездесу барысында Әділ Мұхамеджанов бүгінгі таңда холдингтің еншілес ұйымдары – Қазақстанның даму банкі, Индустриялық даму қоры, KazakhExport және Qazaqstan инвестициялық корпорациясының қоржынында Германияның қатысуымен 36 жоба бар екенін атап айтты.

Қаржыландырудың жалпы сомасы - шамамен 732 млн еуро, ал холдинг Қазақстан мен Германия арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі дамытуға және стратегиялық маңызды салаларға инвестиция тартуға ниетті екенін айтты.

Фрг 2.jpg

Сондай-ақ, Бәйтерек холдингі басқарма төрағасының орынбасары Астана халықаралық қаржы орталығы аумағында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары - Роман Склярдың қатысуымен өткен дөңгелек үстелде баяндама жасады.

Фрг 3.jpg

Әділ Мұхамеджанов «Бәйтерек» холдингінің Қазақстан экономикасының дамуында шешуші рөл атқаратынын және ел үкіметінің маңызды қаржы агенті екенін атап өтті.

2022 жылы холдинг шикізаттық емес секторға 3,9 миллиард еуродан астам сомаға қолдау көрсетті, алты мыңнан астам жұмыс орнын құрды және 7,5 миллиард еуроның өнімі мен қызметін өндірді.

«Биылғы маусым айында Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайердің Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында холдинг пен Германия экономикасының Шығыс комитеті бірлескен жобаларды қаржыландыру бойынша жұмыс тобын құру туралы меморандумға қол қойды. 27 қыркүйекте Берлинде жұмыс тобының бірінші отырысы өтеді және мен неміс компанияларын осы шараға қатысуға және бірлескен жобаларды жан-жақты талқылауға шақырамын», - деді Әділ Мұхамеджанов.

Фрг 4.jpg

Айта кетейік, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ неміс серіктестерімен белсенді түрде ынтымақтастықта және инвестициялық жобаларды дамытуға және Қазақстан мен Германия арасындағы сауда-экономикалық байланысты нығайтуға жәрдемдесіп, қазақстандық-германдық іскерлік бастамаларға қатысады.



Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар