19.12.2024
- Холдинг туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасы Рустам Карагойшин Холдинг қаржыландырған өңдеу өнеркәсібі саласындағы негізгі жобаларды таныстырды.
Ең маңызды жобалардың бірі – «Astana Motors» мультибренд зауытының құрылысы. Оның аясында 2025 жылға қарай 2,2 мыңға жуық жұмыс орнын ашу және жыл сайын 90 мыңнан астам автомобиль шығаруды жолға қою жоспарланып отыр.
Келесі жоба – жеңіл және жүк автомобильдеріне арналған шиналар шығарумен айналысатын Сарань қаласындағы «KamaTyres». 1,1 мыңнан астам жұмыс орнын ашу және 3 миллион жеңіл автокөлік шиналары мен 500 мың жүк көлігі шиналарын шығару жоспарда бар, бұл импортқа тәуелділікті төмендетуге ықпал етеді.
Үшінші жоба — натрий цианидін өндіретін «Састөбе инновациялық кешені». 2025 жылға қарай зауыт құрылысы аяқталғаннан кейін 300 жаңа жұмыс орны ашылып, зауыттың өндірістік қуаты жылына 30 мың тоннаны құрайтын болады.
«Қазіргі уақытта Холдинг өңдеу өнеркәсібіндегі жобаларға қолдау көрсететін қосымша пакеттік бағдарламаларды әзірлеуде», - деп атап өтті «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы Рустам Карагойшин.