19.12.2024
- Холдинг туралы
2024 жылғы 12 маусымда «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-да «K-Sure» корей сауда сақтандыру корпорациясының делегациясымен кездесу өтті. Іс-шара барысында тараптар басым экономикалық секторлардағы өзара іс-қимыл мүмкіндіктері мен шарттарын қарастырды.
Кездесуге екі ұйымның өкілдері, соның ішінде «K-Sure» бас директоры Янгджин Чанг мырза қатысты. Негізгі баяндаманы Холдингтің Басқарма төрағасының орынбасары Жандос Шайхы ұсынды, ол Холдинг қызметінің негізгі бағыттарын және оның Қазақстанның негізгі экономикалық секторларын дамытудағы рөлін атап өтті.
«Қазақстанның Даму Банкі арқылы синдикатталған қаржыландыру, бірлесіп қаржыландыру, сондай-ақ Qazaqstan Investment Corporation арқылы бірлескен қорлар құру және Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі арқылы сақтандыру және кепілдік беру құралдарын пайдалану жөніндегі ұсыныстар екі тарап үшін ауыл шаруашылығы, өңдеу өнеркәсібі, инфрақұрылым және экспорттық операциялар салаларында жаңа мүмкіндіктер ашады», - деп атап өтті Жандос Шайхы.
Талқылау ұсынылған ынтымақтастық форматтары аясында жүзеге асырылуы мүмкін нақты шаралар мен жобаларға бағытталған.
Анықтамалық ақпарат:
Кореяның сауда сақтандыру корпорациясы (бұдан әрі — корпорация) Корея Республикасының Мемлекеттік институты, оның негізгі міндеті елден экспортты дамыту және әлеуетті импорттаушы елдің қаржы институттарының елдік және кредиттік тәуекелдерін жабу арқылы экспорттаушыларды қолдау.