31.01.2025
- Холдинг туралы
Кеңес ал!
2024 жылғы 15 сәуірде «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Жандос Шайхы Citi (Citi London) өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесудің негізгі тақырыптары ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндігіне, сондай-ақ нарық жаңалықтарын, валюталық операцияларды, өтімді шешімдер мен қаржыландыруды талқылауға қатысты болды.
«Бәйтерек» Citi-ге еншілес компания «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-ның кредит беруін қоса алғанда, бірлескен жұмыстың оң тәжірибесіне ие бола отырып, Citi-мен ұзақ уақыт ынтымақтастық орнатуда. ҚДБ-нің City New York және City London-да корреспонденттік шоттары, ГТЭС құрылысын қаржыландыру үшін JBIC/Сity қарызын тарту, сондай-ақ бағалы қағаздар шығару бойынша бірлескен жұмыстары бар.
«Холдинг инвесторларға Қазақстанда бизнес жүргізудің ыңғайлы тәсілін ұсынады. Біздің стратегиялық бағыттарымыз индустриялық-инновациялық даму, отандық өнім экспортын ілгерілету, шағын және орта бизнесті, агробизнесті дамыту және тұрғын үй-құрылыс секторын дамыту болып табылады», - деп атап өтті Жандос Шайхы.
Кездесуде жаңа қаржылық және инвестициялық жобалар арқылы серіктестік қатынастарды одан әрі тереңдету мәселелері көтерілді. Citi андеррайтер және ESG кеңесшісі ретінде қызмет еткен еурооблигациялар мен «тұрақты» облигациялардың соңғы шығарылымдарын қоса алғанда, облигациялар нарығындағы жаңа бастамаларға ерекше назар аударылды.
Қосымша: «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ - ұлттық экономиканың басым секторларына қолдау көрсететін Қазақстан Республикасының негізгі қаржы институты.
City халықаралық компаниялар мен инвесторлар, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен елдің ірі кәсіпорындары үшін негізгі әріптес бола отырып, қазақстандық банк секторы көшбасшыларының бірі болып табылады.