19.12.2024
- Холдинг туралы
2024 жылғы 22 мамырда «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Стратегиялық жоспарлау комитетінің отырысы өтті. Онда 2024 жылдың бірінші тоқсанындағы қызмет нәтижелері қаралып, цифрландырудың 2024-2026 жылдарға арналған стратегиясы шеңберіндегі бастамалар талқыланды.
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Жандос Шайхы Холдингтің 2024 жылғы 1 тоқсандағы қызметінің нәтижелері туралы есеп берді, оған сәйкес Холдингтің бірінші тоқсандағы таза пайдасы алдын ала мәліметтер бойынша 121 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 9%-ға артық.
Бірінші тоқсанда жалпы сомасы 153,5 млрд теңгеге 14 экспорттық операция және 8 инвестициялық жоба қаржыландырылды.
Агроөнеркәсіптік кешенді қолдау бағыты бойынша 178 млрд теңге сомасына 3 461 субъектіге қаржыландыру көрсетілді. Сондай-ақ жалпы сомасы 210,7 млрд теңгеге 36 экспорттаушыға қолдау көрсетілді.
Отбасы банк бірінші тоқсанда халыққа 248,6 млрд теңге сомасына қарыз берді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 35,7%-ға артық.
Басқарма төрағасының орынбасары Үсен Ғалым цифрландырудың 2024-2026 жылдарға арналған стратегиясын іске асыру туралы есеп берді. Ұсынылған деректерге сәйкес, Холдинг бизнес-процестерді автоматтандыруға және оңтайландыруға, жаңа жүйелерді енгізуге, клиентке бағдарланған қызметтерді жақсартуға және қағазсыз құжат айналымына көшуге ерекше назар аударады. Стратегия шеңберінде электрондық үкіметпен интеграция күшейтілді және клиенттермен және серіктестермен өзара іс-қимылды жақсарту үшін жаңа цифрлық құралдар әзірленді.