30.09.2025
- Холдинг туралы
- Тұрақты даму
Кеңес ал!
2025 жылғы 22 қыркүйекте «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Тимур Онжанов Successful Business Leaders’ Club (SBL Club) Кипр делегациясының өкілдерімен кездесті.
Кипр тарапынан кездесуге Gravity Advisory компаниясының негізін қалаушы әрі директоры Никос Кириакидес, ATG Fund Services компаниясының негізін қалаушы және бас атқарушы директоры Андреас Афинодору, A. Rudenko & Co LLC басқарушы серіктесі Алексей Руденко, Emerald Group компаниясының негізін қалаушы және бас директоры Роксоляна Мельнык, SKINLAV cosmetics компаниясының негізін қалаушы және бас директоры Наталия Георгиу, Amicorp (Кипр) басқарушы директоры Элия Николау, сондай-ақ Густе Кузмицкайте-Софрониу және Валерий Калиев қатысты.
Қазақстан тарапынан кездесуге «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ басқарушы директоры Ерлан Икрам, Холдингтің жобалармен жұмыс департаментінің директоры Алмас Ағыбаев және «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ корпоративтік даму және сыртқы коммуникациялар департаментінің директоры Айбек Бекжанов қатысты.
Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың келешегі талқыланды. Атап айтқанда:
Холдинг басқармасы төрағасының орынбасары Тимур Онжанов атап өткендей, шетелдік әріптестермен байланысты нығайту капитал тартудың, тәжірибе алмасудың және қазақстандық компаниялардың халықаралық нарықтағы қатысуын кеңейтудің жаңа мүмкіндіктерін ашады.
«Біз үшін мұндай кездесулер – халықаралық әріптестермен тікелей диалог орнатудың мүмкіндігі. Инвестиция тартуға және қазақстандық компаниялардың халықаралық нарықтағы позицияларын күшейтуге бағытталған бірлескен жобалар үшін зор әлеует бар деп санаймыз», – деді ол.