22.11.2024
- Холдинг туралы
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі АҚ - да Қоғамдық кеңес құрылды.
Жұмыс тобы Холдингтің Қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлау жөніндегі конкурс туралы хабарландыруды Холдингтің интернет-ресурсында және әлеуметтік желілердегі парақшаларында жариялады. Конкурстық іріктеу және сайлау рәсімдері «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қоғамдық кеңес туралы Үлгілік ережеге сәйкес жүргізілді.
Қоғамдық кеңестің құрамы 11 адам болып бекітілді. Осылайша, оған мыналар кірді:
Т.Н. Онжанов - Холдингтің Басқарма төрағасының орынбасары, Қоғамдық кеңестің мүшесі;
Н.Ж. Көшкімбаев - Холдингтің Басқарушы директоры, Қоғамдық кеңестің мүшесі;
Ә.Е. Мырзағалиева - Холдингтің Басқарушы директоры, Қоғамдық кеңестің мүшесі;
А.Қ. Ержанов - Холдингтің Стратегия және корпоративтік даму департаментінің жоба жетекшісі, Қоғамдық кеңестің мүшесі;
Ю.К. Якупбаева - азаматтық қоғамның өкілі, Қоғамдық кеңестің мүшесі
Г.С. Жұмалиева - азаматтық қоғамның өкілі, Қоғамдық кеңестің мүшесі
Ж.Б. Моминбаев - азаматтық қоғамның өкілі, Қоғамдық кеңестің мүшесі
Д.С. Суентаев - азаматтық қоғамның өкілі, Қоғамдық кеңестің мүшесі
К.А. Шайх - азаматтық қоғамның өкілі, Қоғамдық кеңестің мүшесі
Т.Р. Бекбасаров - азаматтық қоғамның өкілі, Қоғамдық кеңестің мүшесі
Н.М. Ыбырайым - азаматтық қоғамның өкілі, Қоғамдық кеңестің мүшесі
Кеңестің таяудағы отырысында оның төрағасы сайланады.