29.01.2025

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Бірыңғай мансап порталын енгізді

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Бірыңғай мансап порталын енгізді

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Цифрландырудың 2024-2026 жылдарға арналған стратегиясын іске асыру шеңберінде Бірыңғай мансаптық порталдың енгізілгені туралы хабарлайды. https://jobs.baiterek.gov.kz/ мекенжайы бойынша қол жетімді Портал бұл Холдингтің ғана емес, оның еншілес ұйымдарының да бос жұмыс орындары көрсетілген инновациялық платформа.

«Біз қызметкерлерді іріктеу тәсілін өзгертетін жаңа платформаны іске қостық. Енді үміткерлерді іздеу және жұмысқа алу процесі бұрынғыдан да жылдамырақ, ыңғайлырақ әрі ашық бола түседі. Бұл – цифрландыру стратегиямыздың маңызды кезеңі. Ол бізге үздік мамандарды табуға, ал үміткерлерге сенімді компанияда жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді», - деп атап өтті «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Үсен Ғалым.

Бірыңғай мансап порталы өзекті бос жұмыс орындарына орталықтандырылған қол жетімділікті қамтамасыз етеді, бұл жұмыс іздеушілердің мүмкіндіктерін едәуір кеңейтеді және жұмыс берушілерге кең пулдан білікті үміткерлерді табуға мүмкіндік береді. Интуитивті түсінікті платформа интерфейсі әртүрлі деңгейдегі дайындық пен тәжірибесі бар пайдаланушыларға ыңғайлылықты қамтамасыз етеді. Нәтижесінде үміткерлерді таңдау және өтінімдерді өңдеу жылдамырақ болады.

«Біздің мақсатымыз – жұмыс іздеуге қолайлы және қолжетімді орта құру. Енді барлық еншілес компанияларымыздың бос жұмыс орындары бір платформада шоғырланған, ал үміткерлер бар болғаны бірнеше рет батырманы басу арқылы өтінім бере алады. Бұл портал көптеген мамандарға өз орнын тауып, мықты командаға қосылуға көмектеседі деп сенеміз», - деп толықтырды Холдинг Басқарма төрағасының орынбасары Вячеслав Сон.

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ өз қызметіндегі барлық процестердің тиімділігі мен ашықтығын арттыруға бағытталған цифрлық шешімдерді белсенді дамытуды жалғастыруда.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар