Кеңес ал!

03.03.2025

«Бәйтерек» коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуды қаржыландыру бойынша кезекті семинар өткізді

«Бәйтерек» коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуды қаржыландыру бойынша кезекті семинар өткізді

28 ақпанда «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жобаларын қаржыландыру мәселелері бойынша табиғи монополия субъектілеріне (ТМС) арналған үшінші семинар өткізді. Бұған дейін осындай іс-шаралар 14 және 21 ақпанда ұйымдастырылған болатын.

Семинар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 1102 қаулысымен бекітілген «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру аясында ұйымдастырылды. Бұл жоба инженерлік желілердің тозуын азайтуға, коммуналдық инфрақұрылымды жаңартуға және 6,8 трлн теңге инвестиция тарту арқылы 86 мың км желіні жөндеуге бағытталған. Ұлттық жобаны іске асыру инженерлік жүйелердің тозу деңгейін 50%-дан төмендетуге, апат санын азайтуға және коммуналдық шаруашылықтың сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Іс-шараға «Бәйтерек» холдингінің топ-менеджерлері, атап айтсақ, Холдингтің Басқарма төрағасының орынбасары Жандос Шайхы және Басқарушы директоры Әлия Мырзағалиева, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің (ҚР ҰЭМ ТМРК), «ҚазОрталық ТКШ» АҚ және холдингтің еншілес ұйымдарының өкілдері қатысты. Спикерлер қаржыландыру тетіктерін, мемлекеттік қолдау шараларын және қарыз капиталына қол жеткізу мүмкіндіктерін егжей-тегжейлі қарастырды.

Семинар барысында келесі қаржыландыру схемаларына ерекше назар аударылды:

– Табиғи монополия субъектілерін тікелей несиелендіру екінші деңгейлі банктер, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, халықаралық қаржы институттары және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы жүзеге асырылады.

– Мемлекеттік ТМС-ті қаржыландыру жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік бағалы қағаздарын сатып алу механизмі арқылы «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ және «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ арқылы жүзеге асырылады.

Семинар барысында қатысушылар қарыз алушыларға қойылатын талаптарды, бизнес-жоспарларды дайындау тәртібін және қаржыландыруға өтінім беру үдерісін талқылады. ҚР ҰЭМ ТМРК және «ҚазОрталық ТКШ» АҚ өкілдері коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту саласындағы реттеуші мәселелер мен тарифтік саясатты түсіндірді.

«Бәйтерек» холдингі табиғи монополия субъектілеріне қаржы құралдары мен инфрақұрылымды жаңғырту мүмкіндіктері туралы өзекті ақпарат ұсыну арқылы осындай семинарларды өткізуді жалғастырады. Бұл табиғи монополия субъектілеріне инвестицияларды тиімді тартуға және елдің коммуналдық шаруашылығының тұрақты дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

1. Жекеменшік ТМС үшін:

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ

  • Басқарушы директор: Зауреш Шалабаева – ZShalabayeva@kdb.kz, 79-26-28
  • Аға банкир: Балжан Есенбаева – Balzhan@kdb.kz, 79-84-55

2. Мемлекеттік ТМС үшін:

«Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ

  • Төрағаның орынбасары: Олжас Салыков – Osalykov@khc.kz, 79-75-75 (ішкі 2210)
  • Арман Умбетов – AUmbetov@khc.kz, 79-75-75 (ішкі 2713)
  • Мадина Даулетова – 79-75-75 (ішкі 2257)

3. «Бәйтерек» холдингінің байланыстары:

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар