19.12.2024
- Холдинг туралы
11 тамызда Астанада «Жүрегімнің жеңгемпазы» қайырымдылық жарысы-фестивалі өтті. Іс-шараға холдингтің Басқарма төрағасы Рустам Қарағойшин бастаған «Бәйтерек «Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ компаниялар тобының 60-тан астам қызметкері қатысты.
Жарыс 2012 жылдың тамыз айында Қазақстанда алғашқы жүрек трансплантациясының 12 жылдығына орайластырылды. Іс-шараның миссиясы медицинадағы маңызды жетістіктерді атап өту және трансплантация мәселелеріне назар аудару болды. Рустам Қарағойшин өз қызметкерлерімен бірге жарысқа қатысып, қолдау көрсетті.
«Бәйтерек» холдингі әрқашан маңызды әлеуметтік бастамаларды қолдауға ұмтылады және осы жарысқа қатысу – біздің Қазақстандағы трансплантологияны дамытуға қосқан үлесіміз. Біз осындай маңызды іске атсалысып, қолдау көрсете алатынымызға қуаныштымыз», - деп атап өтті холдинг басшысы.
Жарыс фестивалі тек спорттық іс-шараларды ғана емес, сонымен қатар йога, зумба, жүрек-өкпе реанимациясын оқытуды, сондай-ақ танымал орындаушылардың қатысуымен концерттік бағдарламаны қамтыды. Барлық қатысушылар бастапқы жиынтықтары мен естелік медальдарға ие болды.