03.07.2021

"Бәйтерек" холдингінің қызметкерлері Астана күні қарсаңында марапатталды

"Бәйтерек" холдингінің қызметкерлері Астана күні қарсаңында марапатталды

Мемлекеттік мереке – Астана күні қарсаңында "Бәйтерек" холдингінің Басқарма төрағасы Айдар Әріпханов Холдинг қызметкерлерін марапаттады.

Осылайша, "Еңбек ардагері" медалімен Бухгалтерлік есеп және есептілік департаментінің бас маманы Нұркулянда Мұсаинова марапатталды. Нүркулянда Заитқызы осы салада 40 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеді, оның ішінде 25 жыл салық органдарында түрлі лауазымдарды атқарды. "Бәйтерек" холдингінде ол құрылған күнінен – 2013 жылғы 1 шілдеден бастап адал еңбек етуде.

DSC_0041.jpg

DSC_0035.jpg

Сонымен қатар, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Құрмет грамотасымен Операциялық қызмет департаментінің директоры Данияр Қожанов, ал Құқықтық қамтамасыз ету департаментінің бас менеджері Минара Есенова Ұлттық экономика министрінің алғыс хатымен марапатталды.

Сөз соңында Айдар Әріпханов марапатталғандарға компанияның дамуы мен ел экономикасының игілігі жолындағы жемісті еңбегі үшін алғыс білдірді.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Официальный сайт Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы Нурсултана Назарбаева
  • Официальный сайт Президента Республики Казахстан
  • Парламент Республики Казахстан
  • Официальный информационный ресурс Премьер-Министра Республики Казахстан
  • Министерство индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
  • Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті - Елбасы кітапханасы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар