17.05.2022

«Бәйтерек» холдингінің тәуелсіз директорларына АӨК-ті қолдау бағытындағы жұмыстың нәтижелері баяндалды

«Бәйтерек» холдингінің тәуелсіз директорларына АӨК-ті қолдау бағытындағы жұмыстың нәтижелері баяндалды

Бүгін «Бәйтерек» холдингінде стратегиялық сессия өтті, оның барысында Холдингтің тәуелсіз директорлары Филип Йео, Томас Миров және Клаус Мангольд Холдингтің еншілес ұйымдары – «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ (АНК) пен «ҚазАгроҚаржы» АҚ-тың (ҚАҚ) өткен жылы агроөнеркәсіптік кешенге көрсетілген қолдау туралы есептерін тыңдады. Отырыс жұмысына  Холдинг Басқармасының мүшелері де қатысты.

Кеңеске қатысушылар алдында сөз сөйлеген АНК Басқарма төрағасы Алмат Әшірбеков компания 2021 жылдың қорытындысы бойынша жақсы нәтижелерге қол жеткізгенін атап өтті. 

DSC_0585.JPG

- АНК активтері 821 млрд теңге сомасында қалыптасты, меншікті капитал 283 млрд теңгені, несие портфелі 818 млрд теңгені құрайды. 2021 жылы қаржыландыру көлемі 323 млрд теңгеге жетті. 76,5 мың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер АНК-дан қарыз алды,- деп хабарлады АНК басшысы. 

Оның айтуынша, өткен жылы АНК жалпы сомасы 53,1 млрд теңгеге 11 бағыт бойынша 69 инвестициялық жобаны қаржыландырды, олардың қатарында мал шаруашылығы, құс шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы, сақтау және қайта өңдеу мен т.б. бар. 

Сондай-ақ, ол «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның 2021 жылы АНК-мен бірігу қорытындылары туралы айтты. Штат саны 184 бірлікке қысқарғанын атап өтті.

- Ағымдағы жылы «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ны АНК-ға қосу жұмыстары аяқталмақшы. Біз АӨК субъектілерін қаржыландырған кезде «бір терезе» қағидатын қолданып, бірыңғай кредиттік өнімдерді ашуды жоспарлап отырмыз, - деп түйіндеді АНК басшысы. 

Өз кезегінде, ҚАҚ Басқарма төрағасы Айдар Прашев компания АӨК-тегі лизинг нарығының 86%-ын иеленетінін атап өтті.

DSC_0614.JPG

 - Қазақстанда өндірілетін техника 50%-дан 77%-ға дейін ҚАҚ арқылы сатылды. Өткен жылы ауылшаруашылық техникасына сұраныс азайған жоқ. Техника лизингі бойынша қаражатты игеру 2021 жылдың қорытындысында 141,6 млрд теңгені құрады, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 28,7%-ға жоғары, ҚАҚ 7 276 техниканы лизингке беріп, бұрын болмаған көрсеткішке қол жеткізді, - деді ҚАҚ басшысы. 

Сонымен қатар, еншілес ұйымдардың басшылары компанияларда ESG, тәуекел менеджменті принциптерінің іске асырылуы және көрсетілетін қызметтерді цифрландыру барысы жайлы айтып берді. 

Кеңес соңында «Бәйтерек» холдингінің Директорлар кеңесінің мүшелері –тәуелсіз директорлары ауыл шаруашылығы саласындағы өзекті мәселелерді талқылады, тәуекелдер мен инфляцияны ескере отырып, АӨК субъектілеріне микрокредит беру және қаржылық қолдау құралдарының қолжетімділігі жөнінде ұсынымдар берді.  

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар