Сұрақ-жауап
Шұғыл желі
А А

27.04.2024

«Бәйтерек» холдингі «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қатысты

14.03.2024

«Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымдары KASE марапатына ие болды

«Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымдары KASE марапатына ие болды

          12 наурызда Қазақстан қор биржасы (KASE) жыл сайын капитал нарығын дамытуға белсенді қатысатын компанияларды марапаттау рәсімін өткізді. Марапатталғандардың қатарында – Холдингтің еншілес компаниялары: «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ, «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ бар.
2.JPG

         Қазақстанның Даму Банкі «Ашықтыққа ұмтылғаны үшін» дипломын алды, бұл марапат Банктің барлық мүдделі тараптар үшін, бірінші кезекте ел қоғамдастығы үшін қызметінің ашықтығын арттыру жұмысын айғақтайды. Сонымен қатар, ҚДБ «ESG облигациялар нарығының көшбасшысы» номинациясында атап өтілді. Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 29 наурызда Банк KASE биржасында өзінің дебюттік «жасыл» облигацияларын 10 млрд теңгеге орналастырған болатын.
3.JPG

         «2022 жылғы үздік жылдық есеп» номинациясында «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ және «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ дипломдармен марапатталды.

         Жылдық есептерді бағалау кезінде KASE конкурсқа қатысушылардың есептерінің әртүрлі сипаттамаларын ескерді. Барлығы 150 критерий бойынша бағаланды. Конкурсқа қатысуға қаржы және қаржы емес секторларынан 21 ұйым, сондай-ақ жария емес компаниялардан өтінімдер берілді
4.JPG

         Анықтама үшін: «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ – Қазақстан Республикасы Үкіметінің корпоративтік басқарудың озық стандарттарына сәйкес келетін негізгі институты. Холдинг Қазақстан экономикасын әртараптандыру, инновацияларды қолдау, экспортты, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту және халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету жолымен тұрақты даму міндеттерінің іске асырылуын қамтамасыз етеді.

«Қазақстан қор биржасы» АҚ Орталық Азия аймағындағы жетекші қор биржасы болып табылады. KASE бағалы қағаздармен сауда-саттық өткізу көлемі бойынша ТМД биржалары арасында екінші және FEAS биржаларының акциялар нарығын капиталдандыру көлемі бойынша төртінші орында.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар